12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Жемқорлықты болдырмау міндетіміз

Жемқорлықты болдырмау, оның алдын алу, қоғамымызда жемқорлық деңгейін нөлге дейін төмендету бүгінгі күні еліміздің алға қойған басты мақсаттарының бірі болып отыр. Қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті қоғамның әрбір мүшесі сыбайлас жемқорлықты қоғамдық және әлеуметтік зұлымдық ретінде қабылдаған жағдайда ғана қалыптасады. Азаматтар сыбайлас жемқорлық құбылыстарынан аулақ болуы үшін олар өз құқықтарын нақты білуі, оларды қорғай білуі, жеке, кәсіби өмірде және қоғамда сыбайлас жемқорлық әдістерін қолданудан бас тартатын тұрақты моральдық ұстанымға ие болуы тиіс. Жалпы, қоғам ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес үшін құқықтық түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру, халықтың құқықтық сауатсыздығын жою маңызды. Халық өз құқықтарын, нақты жолдарын, оларға қарсы қандай да бір заңсыз іс-әрекеттер жасаған жағдайда қандай іс-әрекеттер жасау керектігін толық білуі тиіс. Сонда ғана жемқорлықтың жолы кесіледі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимыл сот жүйесінің табысты және нәтижелі жұмысының, сондай-ақ халықтың сотқа сенімін арттырудың кепілі болып табылады. Бұл ретте сыбайлас жемқорлықтың алдын алу ісіндегі неғұрлым пәрменді шара сот жүйесі қызметкерінің ашықтығы, жұртшылықтың олардың қызметіне қол жеткізуі, соттар қызметінің ашықтығы, сондай-ақ кез келген деңгейдегі сыбайлас жемқорлық көріністеріне үзілді-кесілді ымырасыз көзқарас болып табылады.

Еліміздің барлық өңірлерінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтардың профилактикасына бағытталған іс-шаралар әзірлеуді көздейтін Әдеп кеңестері жұмыс атқарады. Олардың басты міндеттерінің қатарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау және мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасын бұзу профилактикасы бойынша жұмыс қорытындыларын қарау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу нысандары мен әдістерін жетілдіру мәселелері бойынша ұсынымдар әзірлеу арқылы сыбайлас жемқорлықты ескерту мен оның алдын алу кіреді. Сонымен қатар, саяси мемлекеттік қызметші бұрынғы жұмыс орны бойынша қызметі кезеңінде өзіне тікелей бағынысты қызметшінің сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін отставкаға кету жауапкершілігінен  босатылмайды. Мұның барлығы мемлекеттік қызметшілердің жжауапкершілігін күшейту үшін жасалып отырған шаралар. Алдағы уақытта де жемқорлықты болдырмау бағытындағы шаралар күшейе береді. Өйткені жемқорлықпен күрес елімізде уақыт сұранысына сай үнемі жетілдіріліп отырады.

Л. Кадыркулова, Алматы облысы Қонаев қаласының мамандандырылған тергеу сотының сот әкімшісінің басшысы

Сот жүйесінің жаңашылдықтары

Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы құқықты және әлеуметтік мемлекет»...

«Сот төрелігінің маңызды бағытының бірі – бітімгершілік»

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының құқықтық саясатында сот жүктемесін азайту,...

ӘКІМШІЛІК СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУДЕГІ СОТТЫҢ БЕЛСЕНДІ РӨЛІ

Елімізде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік...

Сотқа құрметтемеушілік білдірген – жауапкершілікке әкеледі

Қазақстан Республикасының заңнамасында сотқа құрметтемеушілік білдірген тұлғаларға қатысты жауапкершілік...

Сот жүйесіндегі жаңа технологиялар

Сот жүйесін жаңартуға бағытталған жаңашылдықтар жүйелі жүзеге асып, соттар...