spot_img
spot_img

Жемқорлықпен күрес жалғаса бермек

Қазіргі таңда еліміз сыбайлас жемқорлықпен қүресу үшін үлкен және өнімді жұмыс  жүргізуде. Жемқорлықтың алдын алуға қатысты арнайы заң қабылдап, түрлі сала қызметкерлерімен жемқорлықтың салдары жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жемқорлық туралы хабарлаған тұлғаларды сыйақы беріп марапаттау шаралары жасалып жатыр. Қоғамның жемқорлыққа төзбеушілігін қалыптастыру үшін барынша түрлі шаралар жасалу үстінде. Әйтсе де әлі де болса жемқорлық деректері қоғамымызда кездесіп қалып жатыр. Сондықтан онымен ымырасыз күрес жалғаса беруі керек.

Өйткені сыбайлас жемқорлық қоғамның барлық салаларына: экономикаға, саясатқа, әлеуметтік салаға үлкен әсер етеді және осы құбылыс тудыратын жағымсыз салдарлар қоғамның дамуына кедергі келтіріп қана қоймай, мемлекетіміздің ұлттық қауіпсіздігінің мүдделеріне нақты қауіп төндіреді. Сондықтан әрқашан жемқорлықтың жолы кесілуі керек.

Соның ішінде сот жүйесінде жемқорлық деректері кездеспеуі қажет. Өйткені сот – мыңдаған адамдардың жанжалдары шешілетін аса маңызды мемлекеттік орган, соңдықтан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл жасау, сот жүйесінде сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу және сот қателіктерін болдырмау сыбайлас жемқорлық көріністеріне, кәсібилікке және екіжүзділікке қарсы күрес арқылы имиджімізге нұқсан келтірмеу және тұтастай алғанда азаматтардың сот жүйесіне сенімін қалыптастыру үшін жүзеге асырылады. Соңғы жылдары сот жүйесіндегі болып жатқан реформалардың барлығы дерлік саладағы адам факторын азайтып, барынша қызметтерді автоматтандыруға бағытталған. Мәселен сот істері де қазіргі таңда арнайы жүйе арқылы бөлінеді.

Сондай ақ бүгінгі күні сот отырысының барлық залдары аудио-бейне жазба құрылғылармен жабдықталған. Сотқа қатысушылар «Сот кабинеті» сервисі арқылы судьяның электрондық цифрлық қолтаңбасы бар сот актілерін электронды түрде ала алады. Осылайша, сот жұмысының ашықтығы мен айқындығы және сот шешімін жедел алу қамтамасыз етіледі. Алдағы уақытта бұ өзгерістердің барлығы саланың ашықтығын арттыра түсеріне сенім мол!

Бектурганова Алуа Салаватовна, Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы

Кассациялық сот – әділдікке бастайтын қадам

Әділетті қоғам орнату – мемлекеттің ең басты міндеттерінің бірі....

Ұрланған мүлікті ешкім меншіктей алмайды

«Тәртіпке бағынған құл болмайды» деп халқымыздың біртуар батыры Бауыржан Момышұлы...

Тұрғын үй заңнамасының талаптарын бұзуға жол бергені үшін ЖШС-не айыппұл салынды 

  Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында ӘҚБК-нің...

Гендерлік теңдік

Дүние жүзіндегі миллиондаған әйелдер мен ер адамдар нәсіл немесе...

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу тәртібі

     Әкімшілік құқық бұзушылық анықталған және оны жасаған тұлға белгілі болған кездеуәкілетті адам әкімшілік іс жүргізуді қозғайды, тұлғаға айыппұлды осы Кодекстің Ерекшебөлігі бабының санкциясында көрсетілген айыппұл сомасының елу пайызы мөлшерінде жетітәулік ішінде төлеу құқығын түсіндіреді және қажет болған жағдайда белгіленген үлгідегітүбіртекті табыс етеді.       Егер әкімшілік құқық бұзушылық автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталғанарнайы техникалық бақылау-өлшеу құралдарымен және аспаптармен тіркелсе, адамныңайыппұлды белгіленген үлгідегі түбіртекпен бірге айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаматиісінше жеткізілген кезден бастап жеті тәулік ішінде көрсетілген айыппұл сомасының елупайызы мөлшерінде төлеуге құқығы бар.      Айыппұлды көрсетілген айыппұл сомасының елу пайызы мөлшерінде жеті тәулік ішіндетөлеген жағдайда іс мәні бойынша қаралды, шешім заңды күшіне енді, ал адам әкімшілікжауаптылыққа тартылды деп есептеледі. Осы Кодекстің 47-тарауында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы тараудың...