12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Жемқорлық қоғам дерті

Қай мемлекеттің болсын басты жауы – сыбайлас жемқорлық. Ол мемлекеттің дамуына кедергі келтіріп қана қоймай, халықтың сенімін де жоғалтады. Оның алдын-алу жолында барлық дерлік мемлекет өздерінің жемқорлықпен күрес жолдарын қайта қарап, жемқорлыққа қатысты жауапкершілікті күшейту жолында жаңа заң мен нормалар қабылдауда.

Сыбайлас жемқорлық еліміздің экономикасы  мен ұлттық қауіпсіздігіне орасан зор нұқсан келтіріп қана қоймай, нарықтық экономиканың дамуына залалын тигізеді. Сол себепті онымен күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыттарына айналған. Осы орайда атап өтер жайт, Қазақстан Республикасының ҚК-нің 366-бабында көзделгендей пара алғанда және Қазақстан Республикасының ҚК-нің 367-бабында көзделгендей пара бергенде қылмыстық жауапкершілік көзделген. Яғни жемқорлық туралы айтқанда тек пара алушыларды жою арқылы жеңуге болмайды. Ол үшін пара беруге ниетті жандардың да санасына саңылау түсіріп, жегі құрттың етек жаюына өзінің де ықпал етіп отырғанын жан-жақты түсіндірген маңызды. Адамдардың көбі пара беру мен сыбайластықты түсінбейді. Алайда пара алу мен пара берудің қылмыстық жауапкершілігі тең деп айтуға болады.

Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттің органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Мемлекеттің органдардың, ұжымдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары өз өкілеттігі шегінде кадр, бақылау, заңгерлік және өзге де қызметтерін тарта отырып, заң талаптарының орындаулын қамтамасыз етуге міндетті.

Сыбайлас жемқорлық әрекеттері бойынша тиісті шара қолданудың негізі — ол азаматтардың арыз-шағымы. Сондықтан жемқорлықпен бетпе бет келген кез келген адам оның алдын алуға тырысқаны жөн. Мемлекетіміздің әрбір азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.

Серікбаев Нұрболат Ибрагимұлы, Алматы облысы Қонаев қаласының мамандандырылған тергеу соты әкімшісінің бас маманы

Тараптарды азаматтық істер бойынша хабарландыру

Азаматтық процесс — бұл сот пен процеске қатысушылар арасындағы...

Электронды сот төрелігі

Сот төрелігі - іс жүргізу тәртібімен жасалатын, азаматтық және...

Көліктегі қылмыстар туралы

Механикалық, оның ішінде автомобильдік көлік, дұрыс емес пайдаланған жағдайда...

ЗАҢНАМАДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Әрбір қоғамның құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын әйелдер...

Электронды сот төрелігінің тиімділігі

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...