12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Жемқорлық  қоғам дерті!

Қазіргі кезде жемқорлыққа қарсы күрес — қоғамдағы өзекті мәселе. Сыбайлас жемқорлықпен күресте, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып сыбайлас жемқорлықпен күресу болып табылады.

Сыбайлас жемқорлық әлемнің кез келген елінде оның саяси дамуына байланыссыз, оның ішінде Қазақстанда да, әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын тежейді.  Мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бір адамның емес, көпшіліктің  белсене ат салысатын ісі. Сыбайлас жемқорлықпен күресте тек құқықтық органдар ғана емес,  азаматтық және қоғамдық ұйымдар маңызды басымдық беріп, белсенділік танытулары қажет. Қазақстан бүгінгі таңда экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұрған кезеңінде сыбайлас жемқорлық қылмыстардың алдын-алу және оны ескерту жұмыстарын ұйымдастыру өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Болашақта біздің ұрпағымыз қандай мемлекетте өмір сүретіні заң орындаушы әрбір Қазақстан азаматын ойландыратыны анық.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте жетістіктерге сыбайластықтың қай түрі болмасын пайда болуына бұқаралық топтардың атсалысуы жағдайында ғана жетуге болады. Өйткені сыбайластық тек “алушының” ғана емес “берушініңде” өзекті мәселесі. Сыбайластың тамырына балта шабылса, жемқорлықтың да жолы кесілері анық. Мемлекеттік органдарда жұмыс жасайтындардың өзгенің тағдырына, жұмысына деген немқұрайлылығы, қарапайым анықтама алуы үшін шеті мен шегі жоқ кезек көптеген азаматтар мемлекеттік қызметкерлерді пара алуға өздері арандатады. Өйткені халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімділік жетіспейді. Осындай олқылықтарға жол беруден аулақ болған жөн.

Тараз қаласының  

мамандандырылған тергеу

соты әкімшісінің

басшысы Б.Нұрәлі

Встреча с сотрудниками учреждения ДУИС по области Абай

Начальник отдела анализа контроля за обращениями Департамента КПСиСУ ГП...

Судья, женщина, профессионал

Сегодня героиня нашего материала — Лариса Александровна Корчинская, судья...

Профилактические работы в сфере законодательства о государственной службе

Сегодня сотрудником Департамента Агентства по делам государственной службы по...

Такие похожие счастливые судьбы матери и дочери

В городской многопрофильной больнице города Конаев трудятся прекрасные врачи...