12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Жемқорлықтың жолын кесу парыз

Бүгінгі күні жемқорлық қоғамымыздың ең өзекті мәселесіне айналып отыр. Мемлкеттің дамуын тежейтін қоғамның жегі құртын жою бағытында елімізде көптеген жұмыстар атқарылуда.

Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететінін, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтінін, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретінін көзіміз көріп отыр. Сондықтан жемқорлықты жоюға барынша тырысуымыз керек. Ең бастысы — адамдардың қоғамның демократиялық негізіне деген сеніміне, заң мен әділдікке деген сеніміне, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне кері әсер ететін жемқорлықтың жолын кесу керек. Еліміз Тәуелсіздікке қол жеткізе сала  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылдады. Бұл заң жобасы арқылы жемқорлыққа қарсы күрестің негізі принциптерін анықтап, жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтардың және оған байланысты жауапкершілік негіздерін қалыптастыруға алғашқы құжат айтарлықтай әсер етті.

Сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның қарсылығына тікелей байланысты. Әлеуметтік желінің, өзге де медиа-ресурстардың дамуы жағдайында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет барысында оны жалпы жұртшылықтың жек көруі күрестің қуатты құралына айналуға тиіс. Кез келген жаң өзі бетпе бет келген жемқорлық фактілерін әшкерелеп отырса, жемқорлық тыйылар еді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес еліміздің стратегиялық дамуының негізгі басымдықтарының бірі екенін үнемі атап өтіп отырады. Жемқорлықпен күрес жолында Қазақстан халықаралық ГРЕКО ұйымына мүше болды. Егер қарамағындағы қызметкердің сыбайлас жемқорлыққа қатысы анықталған жағдайда оның басшысының қызметінен босатылуы заңмен бекітілді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін заңнамамен сараптау жұмыстары күшейтілді.

«Сыбайлас жемқорлықтың себебі мен шарттарын жоймай онымен күресу, бұл – жел диірменмен алысу. Халық әлдебір шенеуніктің немесе басшының жай жауапкершілікке тартылғанын көріп қана қоймай, ол жұмыс істеген мемлекеттік мекемеде енді мұндай жағдайдың қайталанбайтынын дәлелдейтін түбегейлі өзгерістердің орын алғанына куә болуы керек. Әзірге мен мұндай кешенді және түбегейлі жұмысты көріп отырған жоқпын. Шенеуніктер шеңбер жасап, бірінен кейін бірі ауысып жатыр. Ал жүйелі проблемалар шешілмеген күйі тұр», – дейді Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев. Ендеше жемқорлықпен күресті үнемі насихаттап, халықтың оған деген қарсылығының қалыптасуына атсалысуымыз керек.

 

Мухамедова Дильназ Султанмуратовна, 
Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының жетекші маманы

Электронды сот төрелігі

Сот төрелігі - іс жүргізу тәртібімен жасалатын, азаматтық және...

Көліктегі қылмыстар туралы

Механикалық, оның ішінде автомобильдік көлік, дұрыс емес пайдаланған жағдайда...

ЗАҢНАМАДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Әрбір қоғамның құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын әйелдер...

Электронды сот төрелігінің тиімділігі

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...

Тіл-асыл құндылық

Мемлекеттік тіл - бұл осы мемлекеттің рәміздерінің бірі болып...