12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Жемқорлықты жою сот жүйесін реформалаудағы негізгі басымдықтардың бірі

Бүгінгі күні өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып отыр. Сондықтан елімізде жемқорлықпен күрес шаралары күшейтіліп, жемқорларға қатысты жазалар да жыл өткен сайын қатаңдатылуда. Еліміздегі барлық сала жемқорлықсыз қоғам құру жолында заманауи түрлі жетістіктердің көмегіне сүйене отырып, жемқорлықтың жолын кесу үшін заманауи ақпараттық технологияларды да қолданысқа көбірек енгізуде. Сот саласы да бұл үдерістен шет қалған емес.
Өйткені сыбайлас жемқорлық сот төрелігін жүзеге асыруды бұзады, әділ сот ісін жүргізу құқығын жүзеге асыруға елеулі кедергілер жасайды және халықтың сотқа деген сенімін айтарлықтай төмендетеді. Сондықтан сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру және жолын кесу сот қызметінің басым бағыттарының бірі болып отыр.
Атап өтер жайт, еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты қоғамның сұраныстарына қарай бейімделіп, ұлттық практика мен озық шетелдік тәжірибені сараптай келе, ұдайы жетілдірілу үстінде. Атап айтсақ жемқорлық деректерінің жолын кесу үшін судьяларды іріктеу және бағалау жүйесі жетілдірілді, облыстық және оларға теңестірілген соттарда судьяның әдебі жөніндегі комиссия жұмыс істей бастады. Жоғарғы Соттың жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінде ішкі қауіпсіздік және соттарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімі құрылды. Сот істері де арнайы жүйе көмегімен бөлініп, жүктеме бөлуге адам факторының араласуына тыйым салу арқылы сот ісіндегі тамыр таныстықтың жолын кесуге негізделді. Яғни сот істерін автоматты бөлу алгоритмінде айла-шарғы жасау мүмкіндігі жойылды.
Жалпы Жоғарғы Сот заманауи бағдарламалық өнімдерді сот өндірісіне енгізу және ақпараттық технологиялар арқылы Қазақстан халқына ақпараттық қызметтердің санын арттыру бойынша маңызды шаралар қабылдауда. Бүгінгі күні сот істерінде сыбайлас жемқорлық деректері де баршылық. Осы орайда Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Өмір көрсеткендей, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, көрінеу жалған сөз жеткізу, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, көрінеу жалған жауап беру, сарапшының жалған қорытыңдысы немесе қате аудару, жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу, лауазымды адамдардың сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін орындамау деректерінің барлығы жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады. Бұл мәселеге тереңірек үңілетін болсақ, сыбайлас жемқорлық ел болашағына, ұлттық қауіпсіздікке үлкен зиянын тигізеді. Сондықтан қоғамымыздағы сыбайлас жемқорлық деректерін болғызбау тек құқық қорғау орындарының мойнындағы шаруа емес. Онымен қоғам болып күрескенде ғана нәтижесін сезінеміз.
Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік – экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру, инвестициялар тарту процесін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс. Оны еліміздің әрбір мүшесі сезініп, жемқорлық деректеріне толығымен өз қарсылығын білдіргенде ғана онымен күрес нәтиже береді. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Бүгінгі күні жалпы қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсылығын ояту арқылы оның деңгейін төмендету басты мақсаттарымыздың бірі болып отыр.

Қалима Дуанбекова, Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының судьясы

Мәміленің жарамсыздығы және мәміленің түрлері

Азаматтық заңнамада мәміле нысанына белгілі бір талаптар бар. Осылайша, екі...

Азаматтық істердің соттылық мәселесі

Бүгінгі күні барлық соттар үшін ортақ болып соттардың азаматтық...

Шарттық даулар

Шарттық даулар – тараптары ұйымдар, жеке кәсіпкерлер, азаматтар бола...

Сот отырысы хатшысының жұмысы

Сот отырысының хатшысы соттың өзіне жүктелген функцияларды орындауы кезінде...

Әкімшілік істегі медиация

Медиация, медиатор деген ұғымдардың елімізде пайда болуына Қазақстан Республикасының...