Еліміз үшін сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресу мемлекеттік саясаттағы негізгі басымдықтың бірі болып отыр. Заң үстемдігін орнатып, нағыз құқықтық мемлекет құру үшін, ең алдымен, жемқорлықтың тамырына балта шабылуы керек. Сондықтан еліміз жемқорлықты жоюға баса мән беріп отырғанын түсінуіміз керек. Қазіргі заманғы әлемде сыбайлас жемқорлықпен күресуді күшейту жұмысы үздіксіз жүргізілуде және әрдайым жетілдірілу үстінде. Уақыт сұранысына сай жемқорлықпен күреске бағытталған заңдар да, талаптар да күшейе түсу үстінде.
Осы орайда атап өтер жайт, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бір адамның емес, көпшіліктің белсене ат салысатын ісі. Көп болып күрескенде ғана жемқорлықты түбірімен жоя аламыз. «Көп қорқытады, терең батырады» дегендей көпшілік бірлессе, сыбайлас жемқорлыққа мықты тосқауыл қойылатыны сөзсіз. Сондықтан қоғамның бірлескен күшін күшейтуіміз қажет. Сондай ақ сыбайлас жемқорлықпен күресте тек құқықтық органдар ғана емес, азаматтық және қоғамдық ұйымдар маңызды басымдық беріп, белсенділік танытулары қажет.
Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, өз құқығын түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Әйтпесе заңды құқығын білмегендіктен заң бұзушылықтарға жол берлетін кез көп. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып отыр.
Жемқорлықпен күреске қатысты мемлекет басшысы жыл басында «Жемқорлық әрекеті үшін сотталған азаматтарды шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салынды. Соттарға, құқық қорғау қызметкерлеріне, пара бергендерге және делдалдарға қатаң жаза қолданылатын болды. Былтырдан бері жалпыға бірдей салық декларациясын тапсыруды бастадық. Осы және басқа да шаралар айтарлықтай нәтиже беріп, жемқорлық деңгейі төмендеді. Дегенмен, түбегейлі өзгеріс әкелген жоқ. Мұны ашық айтуымыз керек. Азаматтарымыз әлі де күнделікті өмірде сыбайлас жемқорлық жағдайларымен бетпе-бет келуде, – деген болатын. Демек Президентіміз жемқорлықпен күрес тәсілін жіті қадағалауда ұстап отыр деп айта аламыз.
Әлемнің дамыған 30 еліне кіру мақсатына жету үшін бізге күшімізді біріктіру қажет, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте бірігу қажет. Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында көрсетілгендей сыбайлас жемқорлыққа тек біртұтас ағза сияқты күрескенде ғана жетуіміз мүмкін.
А.К.Карыбаева, ҚР ІІМ ҚАЖК №24 мекемесі РММ жедел бөлімшесінің жедел уәкілі, әділет майоры


