2022 жылы 3 маусымда Көліктегі ПД Қызылорда ст. Желілік полиция бөлімнің жеке құрамымен Қызылорда облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің Превенция басқарма басшысының орынбасары Баяхмет Мұрат Қадырбекұлы, қызметкері Қозбағарова Жанар Жалғасбайқызы және Қызылорда облысының әкімдігінің ішкі саясат басқармасының қызметкері Айбергенова Айсана Ерболатқызымен кездесуі өтті. Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 мамырдағы № 358 қаулысымен бекітілген Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларының «Сыбайлас жемқорлықты ескерту мен қарсы іс-қимыл» № 4 үлгілік базалық бағытын орындау үшін жеке құраммен, мемлекеттік әкімшілік қызметшілермен, сондай-ақ қызметшілермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды және тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды қалыптастыруға бағытталған түсіндірме жұмыстарын жүргізді.