12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Жемқорлықпен күрес — мемлекетіміздің басты бағыттарының бірі

Қазіргі таңда жемқорлықсыз қоғам құру көптеген мемлекеттердің басты мақсаттарының бірі. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту бағытындағы жұмыстар үздіксіз жүргізілуде. Біздің елімізде де сыбайлас жемқорлықпен күрес жұмыстары әрдайым жетілдірілу үстінде. Әрине әлем бойынша сыбайлас жемқорлықпен күресу механизмінің барлық елдерге тиімді болатын бірегей тәсілі жоқ.

Әрбір мемлекеттің сыбайлас жемқорлықпен күресу әдісі, бағыты өзгеше. Сыбайлас жемқорлықпен күрес елдің саяси және экономикалық тұрақтылығына ғана емес, сонымен қатар әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлеріне, діни ерекшелігі мен құқықтық мәдениет деңгейіне және аумағы бойынша алатын жеріне, халқының саны мен орналасу тығыздығына да байланысты. Біздің еліміз де жыл сайын сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейтіп, мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауында да жемқорлықпен күрестің тоқталмайтыны атап өтіледі.

Жемқорлықпен күрес барысында елімізде экономиканы жандандыру және ауқымды әлеуметтік  түрлендіру жағдайында мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған заманауи әлеуметтік-экономикалық саясатымен тығыз байланысқан бүтіндей стратегияның қажеттілігі сезілді. Осыған байланысты 2014 жылдың 26 желтоқсанында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегиясы бекітілді.  Стратегияның негізгі мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа кез-келген жемқорлықтың туындауына «нөлдік» төзімділік таныту атмосферасын құру жолын қолдану арқылы барлық қоғамды жемқорлықпен күреске жұмылдыру, сондай-ақ Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады. Қазіргі таңда осы бағытта жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Жалпы елімізде Тәу­елсіздік алған жылдардан бастап жемқорлыққа қа­тысты қатаң мемлекеттік саясат қалыптасты деуге болады. Еліміз ТМД мем­лекеттерінің арасында бірінші болып 1998 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тура­лы» арнайы заңын қабылдады. Кейіннен бұл саладағы ұлттық заң­наманы жетілдіру барысында Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйы­мының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы, Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенция­ла­рын және басқа да жалпы жұрт та­ны­ған халықаралық актілерді ратификациялап, сыбайлас жем­қор­лық­қа қарсы бүкіләлемдік қо­ғам­дастықтың тең мүшесіне айналды. Айта кетер жайт сыбайлас жемқорлықпен күресте қоғамның қарсылығы маңызды. Сыбайлас жемқорлықтың таралуына көп жағдайда азаматтардың өз құқықтары мен мемлекеттік қызметтер ұсынудың тәртібі туралы тиісті дәрежеде хабардар болмауы ықпал етеді. Халық  белсенді азаматтық көзқарасты ұстанып,өзін өзі қорғап, лауазымды тұлғалар тарапынан заңсыздыққа қарсы тұра білсе жемқорлық етек жаймас еді. Бүгінде мемлекеттің ұстанымына сай азаматтық көзқарасыңды жеткізуге болатын алаңдар көп және кез келген мемлекеттік органға ашық түрде жемқорлыққа наразылық танытып жүгінуге болады. Сайттарға кіріп, өтініш қалдыруға немесе call орталыққа хабарласуға болады. Барлығы азаматтарға жемқорлықпен күресуге көмектесуге дайын.

Жалпы алғанда, кез келген мемлекетте сыбайлас жемқорлықпен күрес – жалпыхалықтық іс болған кезде ғана қоғам дертінен құтылары сөзсіз.

Қалима Дуанбекова, Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының судьясы

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...

Сот азаматтың тұрғын үй құқығын қорғады

Талап қоюшы 2011 жылдың сәуір айынан бастап «жасына байланысты...

Кассациялық соттың құрылуы және қызметі

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан...