12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Жемқорлықпен күрес күн тәртібінен түскен емес

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Қазақстандағы мемлекеттік саясаттың басты бағдарларының бірі болып табылады. Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес үшін заңнамалық база құрылған. Осылайша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы нормативтік-құқықтық база қолданыстағы ұлттық заңнаманы халықаралық стандарттарға жақындатқан 17 заңнама жақсартылған. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстар жетілдіріле бермек. 

Қазіргі таңда, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңнамаға, сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті қатайтып, процессуалдық заңнамаға бірнеше рет өзгеріс жасалды. Мүлікті тәркілеу, өмір бойы мемлекеттік лауазымды қызмет атқару құқығынан айыру секілді қатаңдатылған шаралар да қарастырылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық келісімдер мен халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру мақсатында 2008 жылғы 4 мамырда Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясын да ратификациялады.

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Сондықтан онымен күрес тоқтамақ емес. Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, Еңбек кодексі, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы, Қазақстан Респбуликасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексі негізгі нормативтік құқықтық актілері болып табылады.Заңнамалардың басты мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауып қатерден республиканың ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, осыған байланысты құқық бұзушылықтың, қылмыстың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кінәлілерді тиісті жауапқа тартумен қатар, демократиялық негіздерді, мемлекеттік басқарудағы жариялылық пен бақылауды кеңейтуге халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенімдерін нығайтуға, білікті мамандарды мемлекеттік қызметке кіруге ынталандыруға, мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшін жағдайлар жасауға бағытталған. Мемлекеттің дамуын тежейтін кеселмен жалпы қоғам болып күрескен жөн.

Көреңбеков Олжас Қуатұлы
Қапшағай қалалық сотының төрағасы

АРЫЗ АЗАМАТТАРДЫҢ ЖЕТІК БІЛЕТІН ТІЛІНДЕ ӘЗІРЛЕНУ КЕРЕК

Қазақ тілінің әкімшілік сот ісін жүргізуде Әкімшілік рәсімдікпроцестік кодекстің...

Рақымшылық – Конституцияның 30 жылдығына арналған ізгілік актісі

Қазақстан Республикасы өзінің Тәуелсіздік тарихындағы маңызды белестердің бірі –...

Алаяқтың арбауына түспеңіз!

Қаржы алаяқтарының айла-амалдары күн өткен сайын күрделеніп барады. Олар...

Талап қоюдың тәртібі

Ел Президенті өзінің халыққа арнаған әрбір жолдауында заң үстемдігін қамтамасыз етуге, сот...

Тәуелсіз елдің тарихи бастауы

БИЫЛ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫНА 30 ЖЫЛ ТОЛАДЫ. БҰЛ АЗ УАҚЫТ...