Жемқорлыққа жол бермейік

Бүгінгі күні халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын қалыптастыру маңызды. Ол үшін, ең алдымен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы са­на қа­жет. Сонда ғана адам адам­гершілікке жат қылықтардан бой­ын аулақ ұстай бастайды, заңға қай­шы ке­летін әрекеттерді жасауға жол бер­мейді. Азаматтар сыбайлас жем­қор­лықты елдің дамуын тежейтін аса қауіпті қоғамдық дерт деп тануы тиіс. Әрбір тұрғынның құқықтық санасы мен мәдениеті берік болып, қарсы тұруы керек.

Қо­ғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мә­дениетті қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуде. Дамыған елдерде сыбайлас жем­қорлыққа қарсы саясатты іске асыру ба­рысында сыбайлас жемқорлықты рухани жағынан қабылдамауға мән беріледі. Әрбір азамат өзін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүл­дем төзбеушілікке тәрбиелеуі ке­рек. Қазір сыбайлас жемқорлықтың бар­­лық түрлерін жою үшін Қазақстан аза­­маттарының құқықтық санасын арт­ты­­ру жүргізілуде.

Өйткені олар сыбайлас жем­қорлыққа қарсы білімінің болмауына байланысты абайсызда сыбайлас жемқорлықтың қатысушылары болып қа­лады. Сондықтан қандай жағдай орын алса да заңдарды оқыған жөн.

Біздің елімізде тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап әлемдік стан­­дарттарға сәйкес келетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар жү­­зеге асырылып келеді. Мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сы­байлас жемқорлыққа қарсы қоз­ға­лысқа бүкіл қоғамды тарту және Қа­зақ­станда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету. Сыбайлас жем­қор­лық­пен күресте көп нәрсе бүкіл қо­ғам­ның белсене атсалысуына байланысты.

Пара бермеңіз, пара алмаңыз! Осылайша ғана өз үлесіңізді қосасыз.

Нүргүл РАЙҚҰЛОВА, Қызылорда қалалық сотының бас маманы, сот отырысының хатшысы

СУДЬЯ ӘДЕБІ — СОТ БИЛІГІНЕ ДЕГЕН СЕНІМНІҢ НЕГІЗІ

Сот билігі - құқық үстемдігін қамтамасыз ететін мемлекеттік биліктің...

Судьяның кәсіби бейнесін қалыптастырудағы моральдық талаптар

Қазіргі қоғамда сот билігіне деген сенім – құқықтық мемлекеттің...

Экстрадициялық қамақты санкциялаудың маңызы зор!

Экстрадициялық қамақты санкциялау — бұл халықаралық құқық саласындағы маңызды...

В рамках административного судопроизводства

Жилищные споры представляют собой конфликты, возникающие по поводу реализации...