12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Жемқорлыққа қарсылық күшейіп келеді

Сыбайлас жемқорлық бүгінгі күні саяси даму тұрғы­сынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі бар­лық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдатып отыр. Үлкен әлеуметтік қасі­рет болып табылатын жемқорлық әсіресе біздің еліміз үшін күрделі мәселелердің бірі. Дегенмен қоғамда халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілік қасиеті, қарсылығы қалыптасып келеді. Өйткені жемқорлық қоғамның барлық саласын дамытпайтынын, мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шыға­ратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әке­ле­тін құбылыс екеніне көпшіліктің көзі жетіп келеді. Сондықтан жемқорларды жазалауға, сыбайластықтың жолын кесуге қатысты халықтың қолдауы күшейіп келеді. 

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу туралы» Заңның басты мақсаты – азаматтардың құқықтары  мен бостандықтарын қорғау, сыбайлас жемқорлық   көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың жолын кесу және ашу болып табылады. Қазір осы бағытта көптеген жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сыбайлас жемқорлықпен күрес қоғамның барлық саласына, барылқ мүшесіне қатысты. Сыбайлас жемқорлық қылмыстары әлеуметтік тұрғыдан пайда болғандықтан, оны болдырмау мен алдын алуға барша қоғам жауапты. Сондықтан ел ішінде кездесіп қалған ірілі-ұсақты жемқорлықтардың өзіне қоғам болып қарсы тұрудың маңызы зор. Сыбайлас жемқорлық әрекеттері бойынша тиісті шара қолданудың негізі — ол азаматтардың арыз-шағымы. Мемлекетіміздің әрбір азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.

Қазіргі заманғы әлемде сыбайлас жемқорлықпен күресуді күшейту жұмысы үздіксіз жүргізілуде және әрдайым жетілдірілу үстінде. Әлемде сыбайлас жемқорлықпен күресу механизмінің барлық елдерге тиімді болатын бірегей жинағы жоқ. Әрбір мемлекет қолданатын сыбайлас жемқорлықпен күресу әдістерінің жиынтығы өзгеше, ол елдің саяси және экономикалық тұрақтылығына ғана емес, сонымен қатар әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлеріне, діни ерекшелігі мен құқықтық мәдениет деңгейіне және аумағы бойынша алатын жеріне, халқының саны мен орналасу тығыздығына да байланысты болып келеді. Біздің елімізге келетін болсақ, соңғы өзгерістерге сай қызметкерлердің жемқорлық әрекеті үшін мемлекеттік органдардың бірінші басшыларын қызметінен босату институтын енгізілуде. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормативтік-құқықтық актілерді сараптамадан өткізуді қайта  қалпына келтіру, мемлекеттік қызметшілердің заңсыз баюы, кіріс және шығыс декларацияларын жариялау жауапкершілігі жөніндегі түрлі шаралар қолданысқа енгізілу үстінде. Яғни сыбайлас жемқорлықпен күрес үнемі жетілдіріліп келе жатыр.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы айтқанда қоғамның көмегінсіз жемқорлықты жеңу мүмкін еместігін құзырлы орындар да айтып жүр. Сондықтан егер сіз қандай да бір ұйым, мекемеде жемқорлық, бопсалаушылық, пара алу, пара беру және т.б. сыбайлас жемқорлық көрінісіне тап болсаңыз, бұл проблемаға немқұрайлы қарамаңыз. Тиісті орындарға хабарласыңыз.

Омаров Фарух Усманович, Алматы қаласы Медеу аудандық №2 сотының судьясы

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...

Сот азаматтың тұрғын үй құқығын қорғады

Талап қоюшы 2011 жылдың сәуір айынан бастап «жасына байланысты...

Кассациялық соттың құрылуы және қызметі

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан...