Жемқорлықпен күрес тоқтамайды

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік органдары мен лауазымды адамдары «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуде. Бұл заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қатерлерден тиісті қамтамасыз етуді көздейді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресу – біздің саясатымыздағы негізгі басымдықтың бірі. Заң үстемдігін орнатып, нағыз құқықтық мемлекет құру үшін, ең алдымен, жемқорлықтың тамырына балта шабу керек.  Біз соңғы жылдары осы салада бірқатар маңызды қадам жасадық. Былтырдан бері жалпыға бірдей салық декларациясын тапсыруды бастадық. Осы және басқа да шаралар айтарлықтай нәтиже беріп, жемқорлық деңгейі төмендеді. Дегенмен, түбегейлі өзгеріс әкелген жоқ. Мұны ашық айтуымыз керек.  Азаматтарымыз әлі де күнделікті өмірде сыбайлас жемқорлық жағдайларымен бетпе-бет келуде. Мысалы, академиялық адалдық қағидатын берік ұстанатын жоғары оқу орындарының қатары, өкінішке қарай, өте аз.  Соның кесірінен студенттер емтихан тапсыру үшін тапжылмай оқудың қажеті шамалы деп ойлайтыны жасырын емес» деп жемқорлыққа қарсы мемлекет саясатын атап өтті.

Сыбайлас жемқорлық қоғам өмірінің барлық салаларына эко­номикаға да, әлеуметтік салаға да, саясатқа да зиянды әсер етеді. Сыбайлас жемқорлық тудыратын келеңсіз салдарлар қоғамның дамуын тежеп қана қоймайды, сонымен қатар елдің ұлттық қауіпсіздігінің мүдделеріне үлкен қауіп төндіреді.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар нәтижесінде еліміз­дің әлеуметтік-экономикалық дамуы баяулайды, экономикалық да­мудың нашарлауы, бәсекеге қа­білетті кәсіпкерлік тетіктерінің бұзылуына, шетелдік инвестор­лар үшін экономиканың тартым­ды­лығының төмендеуіне, сондай-ақ инфляцияның, шығындардың өсуіне және соның салдарынан еңбек өнімділігінің төмендеуіне, мемлекеттік қаражаттар мен ресурс­тарды тиімсіз бөлу және жұмсауға алып келеді. Әлеуметтік салада білім беру, денсаулық сақтау салаларындағы көрсетілетін қызметтердің сапасы төмендейді. Мүліктік теңсіздік нығая түседі, байлар мен кедейлер­дің арасындағы алшақтық көбе­йіп, әлеуметтік шиеленіс ұлғаяды, адамдарға тең мүмкіндіктер жо­йылады, ұйымдасқан қылмыс кө­бейеді.

Сыбайлас жемқорлықтың әлеу­меттік-экономикалық сипатын оның адами капитал сапасын төменде­ту­ге алып келуімен, саяси институттар қызметінің тиімсіздігінің артуымен, макроэкономикалық тұ­­рақ­тылықтың бұзылуымен қарас­тыруға болады. Мысал ретінде мұны алыс және жақын шетелдердегі сыбайлас жемқорлықтың әлеуметтік-экономикалық құлдырауға алып келуінен көруімізге болады. Сондықтан сыбайлас жемқорлықтың тамырына балта шабу парыз!

Мадихожаева Турганкул Жолдасбековна, Алматы қаласы Әуезов ауданының №2 аудандық сотының судьясы

Кассациялық сот – әділ сот төрелігінің жаңа кезеңі

Құқықтық мемлекет құру жолында сот жүйесінің әділдігі мен ашықтығы...

Халықаралық құжат айналымындағы апостиль рөлі

Көпшілік үшін «апостиль» сөзі тек құжат рәсімдеумен байланысты қарапайым...

Аумақтан тыс соттылық – маңызды құқықтық қадам

Қазіргі қоғамда сот жүйесіне деген сенім – құқықтық мемлекетттің...

С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей

Сегодня в Казахстане функционирует более 70 театров, из которых...

Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

Бүгінде Қазақстанда 70-тен астам театр жұмыс істейді, оның 59-ы...