Жемқорлық заңға деген құрметті әлсіретеді

Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлық мәселесі әлемнің көптеген елдерінде өзекті болып отыр. Бұл індет біздің қоғамымызды да айналып өткен жоқ. Елін сүйетін әрбір азамат бұл мәселеге бей-жай қарамауы тиіс.

Сыбайлас жемқорлық – бұл тек заң бұзушылық емес, ол қоғамның моральдық құндылықтарына нұқсан келтіретін, мемлекет пен халық арасындағы сенімге сызат түсіретін қауіпті құбылыс. Ол экономиканың дамуын тежейді, инвестициялық тартымдылықты төмендетеді жəне ең бастысы – азаматтардың əділдікке деген сенімін жоғалтады. Əсіресе сот жүйесіндегі адалдық мəселесі аса маңызды. Себебі сот – азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғаудың негізгі кепілі. Егер сот əділ болмаса, қоғамда заңға деген құрмет əлсірейді. Сондықтан сот қызметкерлеріне қойылатын талап жоғары: біз əрқашан заңды басшылыққа алып, кез келген қысымға немесе заңсыз ықпалға қарсы тұра білуіміз керек. Бүгінде мемлекет тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске ерекше көңіл бөлінуде. Құқықтық реформалар жүргізіліп, цифрландыру үдерісі енгізіліп жатыр. Бұл – адами факторды азайтып, ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз етудің тиімді жолы. Электронды сот жүйелері, онлайн қызметтер – осының айқын дəлелі. Сонымен қатар, жемқорлықпен күресте алдын алу шараларының маңызы зор. Мектептен бастап адалдық, əділдік, жауапкершілік сияқты құндылықтарды дəріптеу қажет. Жастардың құқықтық мəдениетін қалыптастыру – жемқорлықсыз қоғам құрудың негізі. Əрбір азамат өз əрекеті үшін жауапты екенін ұмытпауы керек. Пара беру де, пара алу да – заң алдында бірдей қылмыс. Сондықтан қандай жағдай болмасын заңды жолмен əрекет ету – əрқайсысымыздың міндетіміз. Сот қызметкері ретінде мен қоғамды əділдік қағидаттарын сақтауға, заң талаптарын құрметтеуге жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенді күресуге шақырамын. Тек бірлескен күш-жігер арқылы ғана біз əділ, ашық жəне дамыған қоғам құра аламыз. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бұл бір күндік науқан емес, бұл – үздіксіз жүретін үдеріс. Сондықтан əрқайсысымыз адалдық танытып, қоғамның тазалығы үшін үлес қосуымыз қажет. Əділ сот – əділетті қоғамның кепілі екенін əрдайым есте ұстайық.

Жанаргуль КИЯРОВА, Атырау қаласы əкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты əкімшісінің басшысы

Молодой ученый ЕНУ получил жилищный сертификат в рамках государственной поддержки

Старший преподаватель кафедры биотехнологии и микробиологии Института естественных наук...

ЕҰУ-дың жас ғалымы мемлекеттік қолдау аясында пәтер сертификатына ие болды  

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Жаратылыстану ғылымдары институтының...

Литературный мост между Казахстаном и Китаем

На полях 30-й Южнокитайской книжной выставки, прошедшей в Гуанчжоу,...

Дух Великой степи

В Национальном музее искусств Республики Казахстан им. Абылхана Кастеева...

Без изоляции от общества 

Учреждения уголовно-исполнительной системы Восточно-Казахстанской области – структура не закрытая...