Сот жүйесі – құқықтық мемлекеттің басты тірегінің бірі. Оның негізгі міндеті – азаматтардың құқығын қорғау, заңның орындалуын қамтамасыз ету және қоғамдағы дауларды әділ шешу. Сондықтан сот қызметкерлері мен судьялардың жоғары моральдық қасиеттерге ие болуы және заң талаптарын қатаң сақтауы маңызды.
Сот жүйесінде сыбайлас жемқорлық көріністері кездесуі мүмкін. Бұл көбінесе пара беру, қызметтік өкілеттікті теріс пайдалану немесе жеке мүдделерді қорғаудан байқалады. Мұндай жағдайлар сот шешімдерінің əділдігіне күмəн туғызады. Бұл өз кезегінде қоғамдағы құқықтық тəртіптің əлсіреуіне əкелуі мүмкін. Сот жүйесіндегі жемқорлықтың негізгі себептерінің бірі – бақылау мен ашықтықтың жеткіліксіздігі. Сонымен қатар кейбір адамдардың құқықтық мəдениетінің төмендігі де бұл мəселеге əсер етеді. Кейбір азаматтар өз мəселесін заңды жолмен шешудің орнына, пара беру арқылы жылдам нəтижеге жетуге тырысады. Мұндай əрекеттер қоғамдағы əділетсіздікті күшейтеді. Соңғы жылдары сот жүйесін жетілдіру жəне оның ашықтығын арттыру мақсатында көптеген реформалар жүргізілуде. Сот процестерін цифрландыру, электрондық сот жүйесін енгізу, сот отырыстарының ашықтығын қамтамасыз ету сияқты шаралар осы бағыттағы маңызды қадамдар болып саналады. Мұндай жаңашылдықтар адами факторды азайтып, сот жүйесіндегі жемқорлық тəуекелдерін төмендетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар судьялардың кəсіби біліктілігін арттыру жəне олардың тəуелсіздігін қамтамасыз ету де үлкен рөл атқарады. Судьялар тек заңға бағынып, ешқандай қысымсыз шешім қабылдауы тиіс. Егер судьялар əділ əрі тəуелсіз жұмыс істесе, қоғамда заң үстемдігі нығайып, азаматтардың мемлекетке деген сенімі артады. Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, алдын алу жəне болдырмау мақсатында Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында тұрақты түрде іс-шаралар өткізілуде. Атап айтқанда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңының талаптарын қатаң сақтап, сот қызметкерлері іске қатысушыларға құқықтық насихат-түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізеді. Сот қызметкерлері арасында жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықты болдырмау үшін семинарлар мен дəрісетер өткізіліп тұрады. Сондай-ақ тараптармен іс бойынша процестен тыс қарым-қатынасқа түсуге жол бермеу бағытындағы шаралар жүзеге асырылуда.
Жанна МОЛДАШЕВА, Батыс Қазақстан облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының бас маманы


