12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Желіде тарап кеткен қандай деректерді дереу өзгерту керек? Сарапшы жауабы

Жеке деректер Желіде тарап кеткен жағдайда қандай деректерді шұғыл өзгерту керек екенін ресейлік киберқауіпсіздік және алаяқтықпен күрес жөніндегі сарапшы Алексей Сизов айтып берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Радио Sputnik» сайтына сілтеме жасап.

«Көпшілігімізде аты-жөніміз, телефон нөмірлеріміз, тұратын жеріміз және т.б. ақпараттар қаскөйлерге қолжетімді болуы мүмкін деген ой болуы керек. Кейде деректердің тарап кетуі ондаған жыл бойы пайдаланып жүрген телефон нөмірді өзгертуге себеп болмайды. Біз өзіміз де бұл ақпаратты әртүрлі ресурстарға жиі қалдырамыз», — деді Алексей Сизов.

Бірақ кейбір деректер тарап кеткен жағдайда міндетті түрде өзгертілуі керек, дейді сарапшы.

«Пошта жүйесі деректеріне қауіп төнген жағдайда, оның да, сол логин ақпараты қолданылатын басқа қызметтердегі де құпиясөзді өзгерткен дұрыс. Қаржылық зиян келтіруі мүмкін деректерді мұқият бақылау керек. Мұндай деректер базасында (ұрланған жеке ақпарат — еск.) банк карталары немесе басқа банк деректемелері, соның ішінде құпиясөздер туралы деректер болса, оны дереу өзгерту керек», — деп кеңес береді Алексей Сизов.

Ірі компанияларда да жеке деректердің тарап кеткен жағдайлары бар. Сизовтың айтуынша, мұндай компаниялар бұл туралы өз тұтынушыларына хабарлайды.

Геноцид: преступление против человечества

Безусловно самым страшным преступлением против человечества является геноцид. Его...

Под видом благотворительности

В г. Шымкенте полиция задержала девушек, которые занимались распространением...

Суверенитет как символ свободы

В Алматы состоялась международная научно-практическая конференция, приуроченная к 35-летию...

Больше, чем технический апгрейд

Жители г. Шымкента с одобрением встретили мобильное приложение, запущенное...

Блуждая в лабиринтах здравоохранения

СИСТЕМА ОБЯЗАТЕЛЬНОГО МЕДИЦИНСКОГО СТРАХОВАНИЯ, ЗАДУМАННАЯ КАК ГАРАНТИЯ БЕСПЛАТНОГО И...