12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Жекеше қаулы — тәртіптің
қозғаушы күші

Әйгілі Аристотельдің «Платон менің досым, бірақ шындық қымбатырақ» дегені секілді, қандай жағдай болса да заң бұзушылық фактілеріне көз жұма қарауға болмайды.
Соттар тараптар арасындағы туындаған дау-дамайларды шешумен ғана шектелмей, заңдылықтар принципін бұзу жағдайларына назар аударатын мемлекеттік орган болып табылады. Ондай жағдайда соттар заңды күші бар жеке ұйғарымдар мен жекеше қаулылар қабылдай алады.
АПК-нің 270-бабы бойынша заңдылық бұзылған жағдай анықталған кезде сот жеке ұйғарым шығаруға және оны жіберуге құқылы. Сонымен қатар, оған мемлекеттік органдар, лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметшілер тарапынан жол берілсе, сот жеке ұйғарым басқару функцияларын атқаратын тиісті ұйымдарға, лауазымды немесе өзге де тұлғаларға жеке ұйғарым жібереді. Ал олар өз кезегінде қолданған шаралар туралы бір ай мерзім ішінде хабарлауға міндетті.
Қолданған шаралар туралы хабарламау өздеріне жеке ұйғарым жіберілген тұлғалардың сотты құрметтемегені үшін әкімшілік жауаптылығына әкеп соғады. Әкімшілік жаза қолдану тиісті тұлғаларды соттың жеке ұйғарымы бойынша қолданған шаралар туралы хабарлау міндетінен босатпайды. Аталған мән-жайлар әкімшілік құқықбұзушылық туралы істер бо­йынша да қолданылады. Бұл жағдайда соттар ӘҚБтК-ндегі 829-19-бапты басшылыққа алады. Егер сот жекеше қаулы шығару үшін негіздердің болғанына және жеткіліктілігіне қарамастан жекеше қаулы шығармаса, онда жоғары тұрған сот сол сот актісінің заңдылығын тексере отырып, өзі жекеше қаулы шығаруға құқылы.
Өткен жылы қабылданған жекеше қаулыларды сараласам, көбінесе құқық қорғау органдары мен мемлекеттік мекемелер, лауазымды тұлғалардың заң бұзушылықтары іліккен. Атап айтқанда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды толтыру немесе іс-құжаттарын жасақтау барысында қателіктер анықталып, он іс бойынша жекеше қаулы қабылданып, басқару ұйымына жіберіліп, тиісінше шаралар қолданылған. Ал азаматтық істер бойынша да лауазымды тұлғалардың заңды бұзу фактілері анықталып, ол бойынша жеке ұйғарым қабылданған.
Жоғарыда айтып өткендей заң бұзушылықтарға бей-жай қарамау соттың функцияларының бірі. Осы қабылданған жеке ұйғарымдар (жекеше қаулы) біршама заң талаптарына сай келмейтін әрекеттерді болдыр­мауға, тіпті қылмыстық істердің ашылуына түрткі болды. Сонымен қатар, жеке ұйғарым (жекеше қаулы) сот ісіне қатысушыларға, сондай-ақ, сот қарап отырған азаматтық немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іске қатыспаушы тұлғаларға да шығарыла алады. Негізгі принцип – заңның үстем болуы.

Шолпан Маликова,
Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер бойынша

баспасөз қызметін үйлестіруші судьясы

Мәміленің жарамсыздығы және мәміленің түрлері

Азаматтық заңнамада мәміле нысанына белгілі бір талаптар бар. Осылайша, екі...

Азаматтық істердің соттылық мәселесі

Бүгінгі күні барлық соттар үшін ортақ болып соттардың азаматтық...

Шарттық даулар

Шарттық даулар – тараптары ұйымдар, жеке кәсіпкерлер, азаматтар бола...

Сот отырысы хатшысының жұмысы

Сот отырысының хатшысы соттың өзіне жүктелген функцияларды орындауы кезінде...

Әкімшілік істегі медиация

Медиация, медиатор деген ұғымдардың елімізде пайда болуына Қазақстан Республикасының...