12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Жеке тұлғалардың банкроттық салдары 

«Қазақстан Республикасы азаматарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заңынасәйкес жеке тұлғалар сотқа немесе соттан тыс банкроттыққа өтініш бере алады. Банкроттықтың шарттары  аталған заңның 5 және 6 баптарында көрсетілген.  

Сотқа банкроттық туралы өтініш беру үшін жеке тұлғалардың міндеттемелері айлық есептік көрсеткіштің 1600 еселенген мөлшерінен асуы қажет. Қарыз соңғы бір жыл ішінде төленбеген болуы керек, соттан тыс немесе сот банкроттығы рәсімдерін жеті жыл ішінде жүргізілмеген болуы керек. Сондай-ақ жеке тұлғалар кредиторлар алдында мерзімі өткен берешектерін реттеу бойынша шаралар қабылдауы маңызды. 

Сот банкрот рәсімін бастау немесе төлем қабілеттілігін қалпына келтіру үшін тұрғылықты жері бойынша сотқа өтініш беру қажет.Онда кредиторлар алдындағы міндеттемелерді орындаудың мүмкін еместігін негіздеу тиіс. Өтінішке соңғы үш жылдағы барлық кредиторлар мен дебиторлардың, азаматтық-құқықтық және өзге де міндеттемелердің тізбесі, өтініш бергенге дейін алты айдан кешіктірмей жасалған оны бағалау туралы есепті (ол болған кезде) қоса бере отырып, борышкер мүлкінің тізімдемесі,сондай-ақ азаматтың өтініш бергенге дейін шаралар қабылдағанын растайтын құжаттың көшірмесі қоса беріледі. 

Сондай-ақ жеке тұлғалар банкрот мәртебесін алмай өзінің төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге де құқықылы, яғни жеке тұлға тиесілі мүлік құнының оның барлық міндеттемелерінің (оның ішінде орындалу мерзімі басталмаған) мөлшерінен асып кету фактісі және (немесе) тұрақты кірісінің болуы сотқа төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдану туралы арыз беруге негіздер болып табылады.

Мұндай жағдайда жеке тұлға қарыздарды бес жылға дейін қайта бөліп төлеуге мүмкіндік алады, төлем қабілетілігін қалпына келтіру жоспары қаржы басқарушысымен бірлесіп әзірленеді және сот ұйғарымымен бекітіледі. 

Егер жеке тұлға банкрот деп танылатын болса, ол алдағы бес жыл бойы жаңадан ақшалай не болмаса мүліктік міндеттемелерді қабылдай алмайды, яғни оған заңмен шектеу қойылған. 

Сонымен қатар азаматты банкрот деп жариялаған соң уәкілетті орган оған қатысты үш жылдың ішінде мониторинг жүргізеді, яғни тұрмыстық, қаржылық тұрақтылығы тексеріледі. 

Банкроттың қаржылық жағдайына мониторингті кредиторлар да жүргізуге құқылы. Ал, егер жеке тұлға сот арқылы банкрот деп танылса, онда оған жоғарыда аталған шектеулерден бөлек Қазақстан Республикасы аумағынаншығуға тыйым салынатынын білгені жөн.

Маңғыстау облысының

Түпқараған аудандық соты 

Әкімшісінің басшысы

Ниязбаева Гүлмира

Мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылау барысында заңдылық пен әділеттілікті қамтамасыз ету

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және мемлекеттік бақылауды жүзеге...

Заң факультеті студенттері ТДМ 16 мақсатын талқылады

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультеті  БҰҰ-ның Тұрақты даму...

Дені сау ұлт-ел болашағы

   Қазақ Ұлттық университеті Заң факультеті мемлекет және құқық теориясы мен...

ҚазҰУ студенттері «Қолжетімді таза энергияға көшу»мәселесін талқылады

      Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультеті Мемлекет және құқық...

Әділ қоғам-бейбіт заманның көрінісі

     Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультеті мемлекет және құқық теориясы...