12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Заңды тұлғалардың банкроттығы

Кәсіпорындардың төлем қабілетсіздігі салдарынан өз жұмысын мәжбүрлі түрде тоқтатуы банкроттық саналады. Әдетте, қандай да бір фирманың банкроттығы көбінесе, олардың шығыны кірісінен асып кетуі салдарынан туындайды. Яғни табыс жоқ, бірақ шығыны еселеп артып жатса фирмалар өз жұмысын тоқтатып, банкроттық жариялап жатады.

Ескере кетер жайт мұндай жағдайда борышкер тек сот шешімі бойынша ғана банкрот деп танылады. Борышкерді банкрот деп танудың негіздері, тәртібі мен рәсімі ҚР Азаматтық Кодексінің 52-, 53-, 54-, 55-, 56-, 57-баптарында, “Банкроттық туралы” заңда көзделген. Осы актілерге сәйкес Банкроттық ерікті не ықтиярсыз түрде жүзеге асырылуы мүмкін. Егер борышкер өзінің төлем қабілетсіздігі жайында сотқа арыз берсе, онда ол ерікті банкрот болып табылады. Алайда борышкер арызын соттың тиісті шешімінсіз кері қайтарып ала алмайды. Ал, ықтиярсыз Банкроттық туралы іс қозғауға кредит берушінің талабы негіз болады. Кейде фирмалардың алған қарыз ақшаларын жасырып қалу мақсатымен “жалған Банкроттыққа” ұшырау деректері де кездесіп жатады. Бұл теріс әрекет ретінде танылып, заңмен қудаланады. Банкроттыққа ұшыраған кәсіпорынның кредит берушіге қарызын және басқа да міндетті төлемдерін өтеу туралы үшінші жақтың кепілдігі болмаған жағдайда сот баспасөзде борышкердің қаржы жағдайын жақсартып, кредит берушілердің тілек-шағымдарын қанағаттандыруына жәрдем беруге қабілетті заңи тұлғалар мен азаматтарға арналған тендер жариялай алады. Егер бір ай ішінде мұндайлар табылмаса, кәсіпорынның Банкроттығы туралы іс заң құжаттарында көрсетілген тәртіппен қаралады да кәсіпорын мемлекеттік тіркеу регистрінен шығарылып, таратылады. Заңды тұлғалардың банкроттығы жағдайында оның салдары атқарушы директорға әсер етуі мүмкін. «ЖШС туралы» Заңның 44-бабына сәйкес, басшылық өзінің міндеттерін орындауға немқұрайлы қарағаны үшін келтірілген шығынның бір бөлігі үшін жауап береді.

Экономикалық, қызмет саласындағы қылмыс, коммерциялық ұйым басшысының немесе меншік иесінің, сол сияқты жеке кәсіпкердің жеке мүддесі немесе өзге адамдардың мүддесі үшін төлем қабілетсіздігін қасақана жасауы немесе ұлғайтуы, ірі зиянға немесе өзге де ауыр залалдарға апарып соғуы мүмкін. Сондықтан негізсіз банкрот деп жариялауға болмайды.

Коммерциялық ұйым басшысының немесе оның меншік иесінің, сол сияқты жеке кәсіпкердің жеке мүддесі немесе өзге адамдардың мүддесі үшін төлем қабілетсіздігін қасақана жасауы немесе ұлғайтуы ірі зиянға немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, экономикалық қызмет саласындағы қылмыс болып табылады. Қалай болмасын елімізде соңғы жылдары банкроттық істеріне ерекше мән беріліп келеді.

Ж.Б. Агедилова, Ұлытау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы

Сыбайлас жемқорлықпен күресу жолдары

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, мемлекеттің беделін...

Мемлекеттік тіл және сот төрелігі

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің құқықтық, саяси және рухани негізін...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – қоғам дамуының кепілі

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, мемлекетке деген...

Тәуелсіз сот – құқықтық мемлекеттің конституциялық негізі

Тәуелсіз сот – құқықтық мемлекет қағидаттарының ажырамас бөлігі және...

Судья болу – мәртебелі міндет

Судья болу – мәртебелі міндет. Судьялықтан үміткерлерге қойылатын талаптың...