Жеке құрамның өртке қарсы дайындығы пысықталды

Қызылорда облысы ҚАЖ департаментіне қарасты 60 мекемеде «Мекемеде кенеттен өрт шыққан жағдайда қызметкерлердің алғашқы іс -қимылы» тақырыбында іс -шарасы өтті.

Жылдық жоспарға сай өткізілген бұл іс- шара ТЖД-нің қызметкерлерімен бірлесе отырып атқарылды. Шара барысында мекемеде өрт шыққан жағдайдағы жеке құрамның алғашқы жасайтын іс-әрекеті пысықталды. Нақтырақ айтар болсақ, мекеменің өндіріс аймағында орналасқан РМК Еңбек -Қызылорда ЖК»Әділет»пескаблок цехының алдында оқу-жаттығу өтті. Жаттығу барысында, топ басшылардың ұйымдастырушылық қабілеті, яғни тез арада дұрыс шешім қабылддап, өзге топ мүшелеріне уақтылы тапсырма беріп, тапсырманың орындалуы мен ұйымдастырылуына аса көңіл бөлінді.

Сондай-ақ, ең бастысы жеке құрамның өрт сөндіру тобы келгенге дейінгі алғашқы атқаратын іс-қимылдары бойынша практикалық түрде жаттығып машықтанды. Жеке құрамның бұл өткізілген іс-шара аясындағы дайындығы мекеме басшылығы тарапынан , жақсы деген бағамен қортындыланды.

«Жаңа өмірге мотивация» атты тренинг өтті

Абай облысы, Семей қаласындағы ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде «Жаңа...

Сотталған әйелдерге арналған тұлғалық даму тренингі

Сотталған әйелдерге арналған тұлғалық даму тренингі олардың қайта әлеуметтенуіне,...