Жеке куәлігінсіз көлік тізгіндегендер ұсталады

2021 жылғы 13 ақпаннан бастап қазақстандықтарға жеке басын куәландыратын құжаты болса, жүргізуші куәлігі мен көліктің техникалық төлқұжатын алып жүруден босатылатын заң жобасы күшіне енді. ҚР ІІМ көлік тізгініне ешқандай құжатсыз отырған жүргізушілерге әкімшілік жаза қолданады, — деп хабарлайды Kolesa.kz.

Басылымның ресми сауалына полицейлер: «ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 1-бөлігіне сәйкес көлік құралын құжатсыз жүргізгені үшін жүргізушіге ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілік (егер аталған құқықбұзушылық алғаш рет жасалса) немесе 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Сонымен қатар, жүргізушінің жеке басын анықтау мүмкін болмаса, оның ішінде ол дұрыс емес төлқұжат деректерін айтса немесе мүлдем хабарламаған жағдайда полиция қызметкерлері жүргізушіні ұстап, көлік құралын айып тұрағына жеткізеді», — дейді полиция өкілдері.

Алайда полиция құжаттары жоқ жүргізушінің жеке басын қандай жағдайларда және қалай анықтайтынын ІІМ бекітпегенін хабарлады. Бұл ретте ҚР ӘҚБтК-нің 785-бабында құқықбұзушының жеке басын анықтау үшін оны ұстауға болатыны жазылған. 789-бапқа сәйкес үш сағаттан артық емес. Әкімшілік кодекстің 797-бабына сәйкес полиция ешқандай құжаттары жоқ көлік жүргізушілерін ұстауға және айыппұл тұрағына жіберуге құқылы.

«Егер жүргізуші куәлігі мен көліктің техникалық төлқұжаты болмаса, жеке куәлігіңізді алып жүруді ұмытпаңыз!» — деп түйіндеді ведомстводағылар.

«Аударма әлемі» — өзекті зерттеу

Филология ғылымдарының докторы, профессор, журналист, аудармашы, Қазақстан журналистер одағы...

Заявление главного исполнительного директора Kazakh Tourism Development Е. Еркинбаева

В социальных сетях распространяется видеозапись с вырубленными деревьями, которая...

Заң – баршаға ортақ: құқықтық мәдениет – қоғам тұрақтылығының негізі

Құқықтық мемлекет құру тек заңдарды қабылдаумен шектелмейді. Оның басты...

Мемлекеттік қызметтегі әдеп – кәсіби мәдениеттің негізі

Мемлекеттік қызмет – мемлекеттің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін...