Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаменттің №12 орта қауіпсіздік мекемесінде тыйым салынған заттарды жеткізу әрекеті жолдан тыйылды.
Департаменттің жедел бөлімшесінің қызметкерлері мен мекеменің жедел қызметкерлерінің мәліметінше, автокөлікті тексеру кезінде мұқият жасырылған жасырын ұя табылды.
Ұядан бірнеше ұялы телефон, зарядтағыш құрылғылар, Wi-Fi роутер және USB кабель тәркіленді.
Оқиға орнына жедел түрде тергеу-қызметтік топ жіберілді. Қатысы бар тұлғалар заңға сәйкес жауапкершілікке тартылатын болады.
Департамент ескертеді: мекемелерге тыйым салынған заттарды жеткізуге бағытталған кез келген әрекет қатаң түрде заңға қайшы.


