12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Жеке деректерді ешкімге бермеген жөн

Ақпараттық технологияның дамуымен алаяқтық схмелары да түрленуде.
Соңғы кездері әлеуметтік желілер, телефон қоңыраулары арқылы
азаматтарды алдап соғатындар қатары көбейді. Қарапайым сөзбен айтқанда
алаяқтық -алдау және сенімге қиянат жасау жолымен бөтен мүлікті ұрлау
болып табылады. Әдетте алаяқтар әлеуметтік желілерге жалған интернет
хабарландырулар орналастырады немесе аккаунт пен арнайы бет ашып, сайт
жасап алады. Мысалы, мемлекеттік құрылымдар қызметкерлерінің атын
жамылғандар түрлі айла-тәсілге барады.

Солардың кейбірін айтып өтсек, алаяқтар әлеуметтік желілер,
мессенджерлер, электрондық пошта арқылы фишингтік сілтемелер жіберіп,
азаматтардан ондағы сұрақтарға жауап беруді сұрайды. Сонымен қатар,
әртүрлі ұтыс ойындарының жеңімпазы болғанын айтып, сол арқылы жеке
мәліметтерге қол жеткізеді. Сондықтан, жұртшылық сақтық шараларына баса
мән беріп, өздерінің жеке есепшоттарын ешкімге бермеулері керек.
Алаяқтық қылмыстарға елімізде жаза қатаң, осы ретте Қылмыстық
кодекстің 190-бабына тоқталып өтсек, алаяқтық, яғни, бөтеннің мүлкін
жымқыру, алдау, сенімді теріс пайдалану жолымен бөтеннің мүлкін
иемденгендердің мүлкі тәркіленіп, бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiн
айыппұл салынады, сонымен бірге осы мөлшерде түзеу немесе алты жүз
сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейiн бас
бостандығын шектеу, сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазалары да
қарастырылған.
Қызмет бабын пайдаланып, сондай-ақ, ақпараттық жүйені қолданушыны
алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен және мемлекеттік сатып алу
саласында жасалған алаяқтықтар үшін мүлкi тәркiленiп, белгілі бір
лауазымдарды атқару немесе қызметпен айналысу құқығынан үш жылға
дейінгі мерзімге айырылады немесе онсыз, төрт мың айлық есептiк
көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу
жұмыстарына не бір мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға
тартуға не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол
мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Интернет алаяқтардан сақ болудың қарапайым қауіпсіздік шаралары
ретінде дербес деректерді, пластикалық карталардың мәліметтерін, кодтарды
және құпия сөздерді ешкімге хабарламауға, белгісіз әрі тексерілмеген
сайттар арқылы алдын ала төлем жүргізбеуге, күмәнді мәмілелер бойынша
ақша аударымдарын жүзеге асырмауға, ұялы телефон мен компьютерге
белгісіз қосымшаларды орнатпауға, кез келген сілтеме бойынша өтпеуге,
спам хабарламаларға сенбеуге мән берген жөн. Белгісіз және тексерілмеген
сайттар мен басқа да дереккөздерге жеке деректерді енгізбеу аса маңызды.
Азаматтар
осы талаптарды сақтау арқылы алаяқтардан қорғана алады.
Айжан Устенова, Наурызбай аудандық сотының судьясы
Алматы қаласы

Жаңа кассациялық сот

 Мемлекет басшысы 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қылмыстық, азаматтық...

«Е-апостиль электрондық қызметін қалай тез алуға болады

Шетелге шығу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында берілген құжаттар басқа...

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...