Жеке құрам арасында тапанша атудан оқу-жаттығу жұмыстары өткізілді

Жеке құрам ату тәсілдерін меңгеріп, оның ережелерін білуі қажет. Яғни олар жыл бойғы кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлығы сабақтарынан алған білімдері мен дағдыларын іс жүзінде қолдана алуға міндетті. Өйткені олардың кәсіби даярлығына байланысты, сыныптық біліктілігі беріледі.

Міне, осыған орай, Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесінің кадр саясаты бөлімінің ұйымдастыруымен жеке құрам арасында тапанша атудан оқу-жаттығу жұмыстары өткізілді.

Оқу-жаттығу ҚР ІІМ-нің бұйрығы негізінде тоқсан сайын жүргізіледі. Ату кезінде, қызметкерлердің «Макаров» тапаншасын дұрыс қолдана білуі, нысанға дәл тигізу мен оны пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларына мұқият болуларына ерекше назар аударылды. Тапаншадан ату бойынша тәртіп сақшылары норматив бойынша нысанаға дәл тигізіп, мергендігі мен кәсіби шеберлігін дәлелдей алды, — дейді кадр саясаты бөлімінің кәсіби қызметтік және дене даярлығы жөніндегі аға инспекторы, әділет аға лейтенанты Айбек Молдашев.

60 мекеме баспасөз қызметі

Қарыздан құтылудың тиімді тетігі

Әрбір заң азаматтардың құқығы мен бостандығын әділ қорғау, халыққа...

Жаңа Конституция заң үстемдігін орнатады

Еліміздің жаңа Конституциясының жобасы бүкілхалықтық референдумда халықтың қолдауымен қабылданды....

8848 театры – «Бақыт үлкен болмайды» атты жаңа премьераны көрерменге ұсынбақ…

Жақында Алматыда 8848 театры құрылып,  жаңа театр өнер әлеміне...

Қазақ тіліне деген құрмет әрқашанда маңызды болуы тиіс

Қазақ тілі — Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі және елдің...

ОТ ФОРМАЛЬНОГО УЧАСТИЯ – К РЕАЛЬНОМУ ВЛИЯНИЮ

Общественный контроль в Казахстане в условиях конституционных преобразований последних...