Жедел жәрдемге жол беремін деп Сергекке түсіп қалса: жүргізушілер не істеуі керек?

Жедел жәрдемге жол беру — міндетті. Алайда, қазақстандық жүргізушілер, егер шұғыл қызмет көлігіне жол берген кезде, жол ережесін бұзуға тура келсе, қалай әрекет ету керек екенін білмей қалады. Егер жол қиылысында бағдаршамның тыйым салынған түсіне өтіп немесе тоқтау сызығын басып жедел жәрдемді өткізсеңіз, ол үшін айыппұл салынуы мүмкін бе? Мұндай жағдайларда не істеу керек? Толығырақ Тengrinews.kz — матриалында.

Sergek Group баспасөз қызметі мәліметінше, «Сергек» қоғамдық және жол қауіпсіздігі жүйесі барлық заңбұзушылықты тіркейді. Алайда, заңбұзушылықты растау немесе қабылдамау — бұл шешім уәкілетті қызметкер құзіретінде. Сондықтан көбінесе мұндай әрекеттер үшін айыппұл келмейді.

«Жүйе автомобильдің мемлекеттік нөмірін таниды, заңбұзушылық карточкасын қалыптастырады және деректерді ӘІЖБ процессингтік орталығына береді, онда ақпараттық базалардан қалған мәліметтер тартылады. Келесі кезекте заңбұзушылық картасы уәкілетті қызметкерге жіберіледі, ол ЭЦҚ арқылы осы бұзушылықты растауы немесе қабылдамауы керек. Тәртіпбұзушылық картасындағы жағдайды нақтырақ бағалау үшін бірнеше суреттер мен шолу видеосы болады», — деп түсіндірді Sergek Group.

Алайда, егер айыппұл келсе, полицейлер қазақстандықтарға Астана Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасына жүгінуге кеңес береді.

«Егер көлік құралының жүргізушісі жол беріп, оған айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама түскен жағдайда, құқық бұзушылық алып тасталуы керек. Ол үшін көлік құралдарының иелері Жетіген көшесі, 16 мекенжайы бойынша Астана ПД әкімшілік полиция басқармасына өтінішпен жүгінуі немесе call-орталыққа: +7 7172 71 69 77, +7 7172 67 75 75 қоңырау шалуы қажет, немесе жазбаша өтінішпен е-өтініш арқылы жүгінуге болады», — деп жауап берді ПД корреспонденттің ресми сұрауына.

Сондай-ақ, полиция жүргізушілерге ескерту шамдары бар көліктерге әрқашан жол беру керек екенін айтты.

«ӘҚБтК-нің 598-бабына сәйкес ескерту шамдары мен арнайы дыбыстық сигнал қосылған көлік құралына қозғалыста артықшылық бермегені үшін 7 АЕК мөлшерінде айыппұл көзделген, бір жыл ішінде қайталап бұзған жағдайда, жаза қолданылған сәттен бастап 15 АЕК мөлшерінде айыппұл көзделген», — деп толықтырды құқық қорғау органдары.

Санжар Боқаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматының Алмалы аудандық сотында қоғам белсендісі Санжар Боқаевқа қатысты үкім жарияланды.

Рұқсат пен тыйым. Бас прокуратура депутаттарды сайлау алдында үндеу жариялады

Қазақстанда 29 қарашада мәслихат депутаттарын сайлау өтеді. ҚР бас прокурорының орынбасары Ерлан Өтегенов сайлау алдында үндеу жариялады. Ол үгіт жүргізуге тыйым салынған кезеңде үгіт-насихат жасауға болмайтынын ескерті.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Елде кітапхана салуға көбірек көңіл бөлу керек 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде кітапханалар санын көбейту қажеттігін айтты. Мемлекет басшысы Мәскеуде өткен AI Journey 2026 конференциясында оқушылар мен студенттер алдында сөйлеген сөзінде кітап оқу мәдениетіне ерекше көңіл бөлу керектігін жеткізді.

Желтоқсан айында елімізде не қымбаттайды? 

Желтоқсан айында қазақстандықтарды бірқатар баға өзгерісі күтіп тұр. Tele2 және Altel кейбір тарифтерінің абоненттік төлемін 300 теңгеден 2 000 теңгеге дейін көтереді. СДЭК жеткізу қызметінің бағасын өзгертеді, ал Freedom Bank биржалық ноталарды сатып алу комиссиясын арттырады. Астанада қоғамдық көліктегі жолақы 110 теңгеден 150 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін.

Таяу Шығыстағы шиеленіс мұнай бағасын шарықтатты: Brent $100-ға жақындады 

Brent маркалы мұнай бағасы 27 қараша, жұма күні соңғы бір айдағы ең жоғары көрсеткішке жақын деңгейде саудаланып жатыр. Бұған Таяу Шығыстағы қақтығыстың шиеленісуі, Ормуз бұғазында танкерлерге жасалған шабуылдар және Сауд Арабиясының энергетикалық нысандарына соққы жасалуы себеп болған.