Жеңілдетілген автонесие: процедуралар сәуір аяғына дейін бітеді

Жеңілдетілген автонесие шарттары қашан белгілі болатыны айтылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, талаптар мен критерийлер биыл сәуірдің аяғына дейін бекітілмек.

«Отандық техниканы сатып алу шарттары, сондай-ақ қаржыландыру тәртібі мемлекеттік органдарда келісу рәсімдерінен өту сатысында. Сәуірдің аяғана дейін барлық рәсімдерді аяқтау жоспарланып отыр», — делінген хабарламада.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесе отырып, «Жасыл Даму» АҚ қаражаты есебінен Қазақстан азаматтарының жеңілдетілген несиеге автокөліктер сатып алуы, сондай-ақ автобустар паркін жаңарту бағдарламасын әзірлеп жатыр.

«Жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасы бойынша қаржыландырудың жалпы сомасы шамамен 100 миллиард теңге және Қазақстан аймақтарында автобустарды жаңартуға шамамен 30 миллиард теңге.

Мәселен, халық үшін сатып алу шарттары 0 пайыздан бастап бастапқы жарна, несие мерзімі 7 жылға дейін, сатып алушы үшін 1 бірлік автокөлік үшін несиенің максималды сомасы 10 000 000 теңгеден аспайды», — делінген хабарлмада.

Қазақстандағы Құрылтай сайлауына халықаралық байқаушылар қандай баға берді? 

Орталық сайлау комиссиясының алаңында халықаралық байқаушылар Қазақстандағы Құрылтай депутаттарының сайлауына баға берді.

Шетелдегі барлық сайлау учаскесі жұмысын аяқтады 

61 мемлекетте дауыс берген Қазақстан азаматтарының жалпы саны 9 623 адамды құрады.

Құрылтай сайлауы: Алғашқы exit poll нәтижелері жарияланды 

Еуразиялық интеграция институтының мәліметінше, exit poll Қазақстанның 20 өңіріндегі 200 сайлау учаскесінде жүргізілген.

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді 

Қаладағы медициналық ұйымдардың мәліметінше, жаңа туған нәрестелердің 14-і – ұл, 11-і – қыз.