spot_img
spot_img

Жеңілдетілген автонесие бағдарламасының тоқтатылғаны рас па?

Әлеуметтік желіде жеңілдетілген автонесие бағдарламасының тоқтатылғаны туралы ақпарат тарады. Ақпаратқа сәйкес, бағдарламаға бөлінген 100 млрд теңге толығымен игерілген. Алайда бағдарламаға жауыптылар бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Astana арнасына сілтеме жасап. 

“Әлеуметтік желіде таралған ақпарат жалған. Яғни бағдарламаға бөлінген 100 млрд теңге әлі толық игерілген жоқ. Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасын іске асыру мерзімі – 30 жыл. Бүгінге дейін қатысушы банктер жалпы сомасы 82 млрд теңгеге 10 888 өтінімді мақұлдады, 4 847 автомобиль берілді”, – деді “Өнеркәсіпті дамыту қоры” АҚ өкілдері.

Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы 2013 жылы басталған болатын. Бағдарлама отандық автопромды қолдау үшін қолға алынған еді. Құны 15 миллионнан аспайтын Қазақстанда құрастырылған теміртұлпарды 4 процентпен 7 жылға бөліп төлеуге мүмкіндік беріп отыр. Дегенмен 100 млрд теңге сарапшылардың есебі бойынша 10 мыңға жуық көлікке ғана жетеді. Ал экономист Бауыржан Ысқақов аз процентпен автонесие алу халық үшін тиімді екенін айтады. Алайда “бағдарламаға сәйкес қолжетімді теміртұлпардың бағасын көрсең, жағаңды ұстайсың» дейді.

“Жеңілдетілген несиемен беріліп жатқан автокөліктердің бағасы, мынау біздің одаққа ЕЭО мүше, мысалға Армения, Қырғызстан сияқты мемлекеттерге қарағанда қымбат. Яғни мемлекет тек қана несиелік қана жеңілдік беріп отыр. Егер осымен қоса сол автокөліктердің бағасының да төмендеуіне мүмкіндік беретін болса. Яғни 10 миллионның автокөліктерін 6-7 миллионға дейін түсірудің жағдайын жасаса”, – деді экономика ғылымдарының кандидаты Бауыржан Ысқақов. 

Ерлан Өтегенов Бас прокурордың орынбасары болып тағайындалды

Ерлан Өтегенов Бас прокурордың орынбасары лауазымына тағайындалды,

Нұрайдың өліміне қатысты іс: күдікті өмір бойына сотталуы мүмкін

Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс бойынша жаңа дерек айтылды.

Биыл елімізде жылыжай саны 10%-ға өсті

2026 жылғы 1 қаңтар жағдайы бойынша Қазақстан Республикасында 2 319 жылыжай тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10%-ға көп.

Әлемде алтын бағасы қымбаттады. Сарапшы не дейді?

2025 жылдың соңында жаһандық алтын нарығы бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Алтынға деген жалпы сұраныс, биржадан тыс операцияларды қоса алғанда, 5 002 тоннаны құрады.

Жаңа Ата заңда адам құқығы қалай күшейеді?

Конституциялық реформа мемлекеттіліктің іргесін бекітіп, егемендік пен тәуелсіздікті қорғауды нақты қағидаға айналдырумен қатар, биліктің алмасуын айқын әрі мызғымас тетік арқылы бекітуді көздейді.