Биыл елімізде жылыжай саны 10%-ға өсті

2026 жылғы 1 қаңтар жағдайы бойынша Қазақстан Республикасында 2 319 жылыжай тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10%-ға көп. Жылыжайлардың жалпы ауданы 12,1 мың шаршы метрді құрайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі мәлім етті.

Көбінесе жылыжайлар көкөніс дақылдарын өсіруге арналған – 2 159 бірлік, яғни жалпы санының 93,1%-ы. Басқа мақсаттағы жылыжайлар 160 бірлікті құрайды:

  • гүл өсіруге арналған – 47 бірлік (2,0%);
  • саңырауқұлақ өсіруге арналған – 6 бірлік (0,3%);
  • басқа мақсаттағы – 107 бірлік (4,6%).

Аудан бойынша 10 000 шаршы метрге дейінгі жылыжайлар басым, олар жалпы санының 90,9%-ын құрайды. 10 001–50 000 шаршы метрге дейінгі жылыжайлар – 8,1%, ал 50 001 шаршы метрден асатындары – 1,0%.

Жылыжайлардың жалпы саны бойынша 5 000 шаршы метрден асатын өндірістік жылыжайлар – 23,5%, ал 5 000 шаршы метрге дейінгі фермерлік жылыжайлар – 76,5%. Өндірістік жылыжайлар негізінен Түркістан, Алматы облыстарында және Шымкент қаласында шоғырланған және өнімділігі жоғары.

Жылыжайлардың 66,3% 10 жылдан аз, 30,3% 11–20 жыл, ал 3,4% 21 жылдан астам пайдаланылады.

Ең көп жылыжай Түркістан облысында шоғырланған – жалпы санының 62,4%-ы. Бұл аймақ жалпы пайдаланылатын жылыжай ауданының 75,3%-ын және жиналған өнімнің 49,2%-ын береді.

2025 жылы жылыжайларда жиналған көкөніс өнімінің жалпы көлемі 168,7 мың тоннаны құрады, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 1,1% көп. Өнімнің өсуі қияр дақылдарының егіс көлемінің ұлғаюы және 2025 жылдың II тоқсанында жылыжай алаңдарының кеңеюімен байланысты.

Жалпы өнім көлеміне Түркістан, Алматы, Ақтөбе, Павлодар облыстары мен Шымкент қаласы негізгі үлес қосты.

Қызанақ пен қиярдан басқа, жылыжай шаруашылықтарында банан, лимон, құлпынай, көкжидек сияқты көпжылдық дақылдар, сондай-ақ қарбыз, тәтті қауын сияқты бақша дақылдары өсіріледі.

Ал қиярды ең көп өсіретін жылыжайлардың көш басында – Түркістан облысы, Шымкент қаласы, Алматы және Павлодар облысы тұр. Қызанақ өсіру бойынша көшбасшылар – Түркістан, Ақтөбе, Алматы және Павлодар облыстары.

Қазақ тілінде бір ауыз сөз айта алмау білімсіздіктің белгісіне айналды – Президент  

Ұлтты ұйыстырып, мемлекетіміздің іргесін бекемдейтін ең маңызды фактор – мемлекеттік тіл.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Халық Кеңесі – Құрылтайға балама мекеме емес  

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы...

Елордада Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясы басталды 

Кеңес құрамына этномәдени бірлестіктер, қоғамдық ұйымдар, мәслихаттар мен қоғамдық кеңестерден 126 өкіл кірді.

Мектеп сөмкесі баланың салмағының 10 пайызынан аспауы керек – маман 

Ал кітаптар мен оқу құралдары салынған сөмкенің салмағы баланың дене салмағының 10 пайызынан аспағаны жөн.