Жеңіс күніне орай 79-мекемесінде сотталған азаматшаларға киносеанс ұйымдастырылды

2025 жылғы 9 мамыр күні Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай 79-мекемесінде тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен сотталған азаматшалар үшін арнайы киносеанс өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты – Отан үшін жанын пида еткен ардагерлерге құрмет көрсету және жас буынның бойында патриоттық сезімді қалыптастыру.

Киносеанс аясында Ұлы Отан соғысы тақырыбындағы тарихи-патриоттық фильм көрсетілді. Көрсетілім барысында сотталған азаматшалар соғыс кезіндегі ерлік пен қайсарлықты, бейбіт өмірдің қадірін терең сезініп, ерекше әсер алды. Фильм соңында көрермендер арасында пікір алмасу ұйымдастырылып, әрбірі өз ойымен бөлісті.

Мекеме әкімшілігі мұндай шаралар сотталған азаматшалардың рухани тәрбиесіне, тарихи жадыны жаңғыртуға және оң әлеуметтік көзқарас қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті. Киносеанс – тек мәдени шара ғана емес, өткенге тағзым мен бүгінгі бейбіт өмірге алғыс білдірудің де бір көрінісі болды.

Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, жылы атмосферада өтті. Қатысушылар тарапынан ризашылық білдіріліп, алдағы уақытта да осындай тәрбиелік бағыттағы шаралар жалғасын табатыны айтылды.

Жеріне көпір құрылысы соғылып кеткен азаматтың құқығы сотта қорғалды

Азамат М.Пратовтың меншігінде Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Карасу а/о,...

Расширение сферы административной юстиции

17 декабря 2025 года Глава государства подписал Закон Республики...

Разногласия по налоговым спорам

Если упрощенно, то под налоговыми спорами понимаются разногласия, возникающие...

Әдеп нормаларын сақтау міндет

Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігі мен қызметтік әдебі, мінез-құлқы, этикалық...

Раздел без согласия

В КАЗАХСТАНЕ НАРАСТАЕТ ЧИСЛО ОБРАЩЕНИЙ, СВЯЗАННЫХ С НАРУШЕНИЯМИ В...