Жеңілдетілген режим жойылды: 1 қаңтардан бастап бизнесті қалай жабуға болады

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда салық төлеу тәртібі өзгерді. Бұрын қолданылып келген кейбір арнайы салық режимдері алынып тасталды, ал олардың орнына тек үш режим қалды. Олар – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін, жеңілдетілген декларациямен жұмыс істейтіндер үшін және шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған режимдер, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мәлім еткендей, маңыздысы – бұрынғы жеңілдетілген декларация, тіркелген шегерім және бөлшек салық режимдері енді қолданылмайды. Яғни осы режимдермен жұмыс істеп келген кәсіпкерлер 2026 жылдан бастап олар бойынша салық есептілігін тапсыра алмайды.

Бұл өзгеріс әсіресе 2026 жылғы 1 қаңтар мен 28 ақпан аралығында өз қызметін жабуды жоспарлап отырған кәсіпкерлерге қатысты. Егер олар қызметін осы кезеңде тоқтатса, бұрынғы режимдер бойынша салық есептерін тапсыру мүмкін болмайтынын ескеруі керек.

Қысқасы, кәсіпкерлерге жаңа Салық кодексіндегі қолданыста қалған режимдерді қарап, өз қызметін соған бейімдеу немесе қызметін тоқтату мерзімін дұрыс жоспарлау қажет. Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, салық төлеушілерге қызметті дұрыс аяқтау үшін:

  1. Салық есептілігін ұсыну

2025 жылғы 4 тоқсанға немесе 2025 жылғы 1 жартыжылдыққа (режимге байланысты) “кезекті” түрінің белгісі бар декларация тапсыру;

2. Қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламада 2-бөлімде келесіні белгілеу:

— ауысу туралы

“А Оңайлатылған декларация негізінде АСР” немесе “С жалпыға бірдей белгіленген тәртіп”;

— себебі

“А ерікті түрде шешім қабылдау”.

Таңдалған режимді қолданудың басталу күні 2026 жылғы 1 қаңтар болып есептеледі;

3. Қызметті тоқтату рәсімін жүзеге асыру, атап айтқанда:

— қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш беру;

— 2026 жылғы 1 жартыжылдықтағы тарату салық есептілігін ЖД АСР үшін ұсыну (910.00-нысан) немесе жалпы белгіленген тәртіпті қолдану кезінде 2026 жылдың 1 тоқсанына (2026 жыл үшін) салық есептілігін ұсынсын;

— қажет болған жағдайда-қызметті тоқтату үшін басқа да тиісті құжаттарды ұсыну керек.

Салық салудың қолданылатын режимі туралы уақтылы берілген хабарлама болмаған жағдайда қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш қабылданбайды. Бұл жағдайда жүйе төмендегідей хабарлама береді:

«Қызметті тоқтату үшін «А. ерікті түрде шешім қабылдау» себебі бойынша «А. жеңілдетілген декларация негізінде АСР» немесе «С. жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке» деген 2-бөлімде белгісі бар қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама беру қажет. Осыдан кейін сіз қызметті тоқтатуға құқығыңыз бар».

Цифровой контроль ради безопасности 

ДВЕ ТРАГЕДИИ – ГИБЕЛЬ 20-ЛЕТНЕЙ ДИЛЬНАЗ ЖУМАГУЛОВОЙ В ОБЛАСТИ АБАЙ И УБИЙСТВО ЖАЗИРЫ АДАУВОВОЙ В АСТАНЕ ВНОВЬ ПОСТАВИЛИ ВОПРОС О ТОМ, МОЖНО ЛИ ВЫЯВЛЯТЬ УГРОЗУ ДОМАШНЕГО НАСИЛИЯ ДО ТОГО, КАК СТАНОВИТСЯ ПОЗДНО. ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ ПРЕДЛАГАЮТ ЗАПУСТИТЬ ПИЛОТНЫЙ ПРОЕКТ «ЭЛЕКТРОННАЯ ЗОНА ЗАЩИТЫ», ОБЯЗАТЬ ПОЛИЦИЮ ДЕЙСТВОВАТЬ ПО ЕДИНОМУ АЛГОРИТМУ И В ЦИФРОВОМ ФОРМАТЕ ФИКСИРОВАТЬ КАЖДЫЙ СИГНАЛ ОБ ОПАСНОСТИ И РЕАКЦИЮ НА НЕГО.

Республика күні Алматыда қайда баруға болады? Мерекелік іс-шаралар тізімі

25 қазанда Алматыда Республика күніне орай концерттер, көрмелер, спорттық жарыстар мен танымдық іс-шаралар өтеді. Мерекелік бағдарламаға Мемлекеттік ту көтеру рәсімі, ашық аспан астындағы концерт және халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі кіреді.

1 қаңтарынан бастап еліміздегі барлық балабақша міндетті лицензиялаудан өтеді 

Жаңа талап аясында санитариялық жағдай, өрт қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі мен білім беру сапасы тексеріледі.

Еңбек ардагерлері, жұмысшы кәсіп, ғылым мен денсаулық сақтау өкілдері – Президент мемлекеттік наградаларды беру туралы Жарлыққа қол қойды 

Ұлттық мерекеміз – Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Республика күніне орай Алматыда қандай шаралар өтеді? 

25 қазанда Қазақстанда елдің мемлекеттілігі мен егемендігін білдіретін ұлттық мереке – Республика күні аталып өтеді. Осы мерекеге орай Алматыда қала тұрғындары мен қонақтарына арналған мәдени-көпшілік, спорттық және танымдық іс-шаралар ұйымдастырылады.