12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Жазасын өтеушілерді жұмыспен қамту маңызды

Түзеу мекемесі әкімшілігінің ең басты міндеті- сотталғандарды ақылы жұмыспен қамту. Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №37 мекемесінде бүгінде 170-тен астам сотталған жазасын өтеуде. Оның 130-дан астамы еңбекпен қамтылған. Олар қала аумағындағы 30 кәсіпкерде жұмыс жасайды. Бүгін мекеме бастығының орынбасары әділет майоры А.Битаев сотталғандарды жұмыспен қамтып отырған жеке кәсіпкерлермен кездесу өткізді.

Кездесудің мақсаты -сотталғандардың айлық жалақылары Қазақстан Республикасының заңында белгiленген ең төмен жалақы мөлшерiнен кем болмауы, олардың жұмыс уақытында қадағалануы, жұмыс орнындарындағы қауіпсіздік ережелерінің сақталуы, жұмыс уақытында қолданыстағы нормаларға сәйкес арнайы киімдермен қамтамасыз ету.

Әділет майоры Абай Битаев жеке кәсіпкерлерге кәсіптік жарақат алушылықтың алдын алу мақсатында сотталғандармен техника қауіпсіздігі және еңбек қорғау шараларына аса көңіл бөліну қажеттігін, сотталғандар арасында үнемі нұсқама жүргізу керектігін баса айтты.

Бірінші кезекте атқару парақтары бар сотталғандарды ақылы жұмыспен қамтуға тырысамыз. Олар еңбек ете отырып, отбасыларына материалдық жағынан көмек көрсете алады, сот шығындарын төлейді. «Адамды адам ететін еңбек» демекші, еңбек- сотталғандардың ойының ғана емес, олардың қылықтарының өзгеруіне түбегейлі әсерін тигізеді,- дейді әділет майоры Айбай Битаев.

ДАНА ДОСТАНОВА
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ҚАЖД

Қазақстан Республикасы күніне орай пробация қызметінің есептегілеріне арналған экскурсия

Семей қаласының пробация қызметкерлері Қазақстан Республикасы күніне орай есептегі...

Саптық тексеріс өткізілді

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті №79 мекемесінің жеке...

“Свет маяка надежды” әлеуметтік жобалар ассоциациясымен өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды

Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №79 мекемесінде сотталған...

Заключён меморандум о сотрудничестве с Ассоциацией социальных проектов «Свет маяка надежды»

В учреждении №79 Департамента уголовно-исполнительной системы по Атырауской области,...