Қызылорда қаласындағы ЗК-169/4 мекемесінде 130-дан астам сотталған жазасын өтеуге. Оның 100-ге жуығы жұмысқа орналастырылған. Мекеменің сотталғаандардың еңбегін ұйымдастыру тобының аға инспекторы Айгүл Ботпанованың айтуынша, жаза басып, жаңылғандарды қоғамға бейімдеп, еңбекке баулу мекемеде бірінші кезекте жолға қойылған. Қазіргі таңда 25 кәсіпкерлік нысанда келісім-шарт негізінде сотталғандар жұмыспен қамтылған. Олардың айлық табысының 50 пайызы мемелекетке, жеке тұлғаға келтірген шығындарын төлейді. Ал қалған бөлігін өздеріне, отбасыларына жаратады. Жуырда тағы 5 азаматты көлік жуу орталығына жұмысқа орналастырған.
Алдағы уақытта жазасын өтеушілерді көбірек еңбекке тартып, 100 пайыз жұмыспен қамту жоспарланған дейді — әділет аға лейтенанты А.Ботпанова.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД