Жазасын өтеуші жасөспірімдер аттестат алды

№3жалпы білім беретін мектепті бітіріп, аттестат алу – жазалы жасөспірімдер үшін үлкен өмір жолының жауапты кезеңі. 11-маусымда еліміздің барлық мектеп бітірушілері мемлекеттік емтихандарды аяқтап, 14-маусым күні салтанатты түрде аттестат алды. №11мекемедегі жазасын өтеуші жасөспірмдерге де мемлекеттік құжат тапсырылды.

Салтанатты жиын еліміздің әнұранымен басталды. Ортаға 11 және 9 сыныпты бітіруші түлектер  сынып жетекшілерімен шықты. №11  мекеменің тәрбие бөлімінің  бастығы, әділет подполковнигі Бәзілбаева Алма Қойшыбаевна мектепті бітіріп жатқан жазалы жасөспірімдерді  мерекемен құттықтап, болашақта жақсы азамат болып шығатындықтарына сенім білдірді.Мектептің оқу және тәрбие жөніндегі орынбасарлары Алмазова Людмила Васильевна мен Алиева Айзада Әбдімәдиқызы да жылы лебіздерін жеткізіп, 11-сыныпты бітірген 9-оқушыға, 9-сынып бітрген 10-оқушыға аттестат табыстады.  Жалпы  19-жазасын өтеуші жасөспірім жалпы және негізгі орта білім туралы аттестат алып, қуанышқа бөленді. 11-сыныпты бітірген  3екіпінді оқушы мақтау қағаздарымен және қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқан оқушылар алғыс хаттармен  марапатталды. Іс-шара салтанаты концерттік бағдарламамен жалғасты, сондай-ақ мектеп бітірушілер тілектер жазылған  түрлі-түсті шарларды көкке ұшырды. Балалардың өздері темір торлы қоршауда жүрсе де, олардың асқақ армандары жазылған шарлар еш кедергісіз аспан әлеміне жол тартты.

                                                                    №11 мекеме Еркегүл Жеңісхан

ОТ ОТЦА К ДОЧЕРИ: ДИНАСТИЯ МАКАШЕВЫХ

В истории судебной системы Казахстана особое место занимают люди,...

«Алакөл алаулары – 2026» 

Ключевым событием открытия туристического сезона на побережье озера Алаколь...

Во благо здоровья 

Хороший подарок получил ко Дню судьи и работника суда...

Медиация в судебном порядке

Наше общество состоит из множества общественных взаимоотношений и, разумется,...

Спартакиада прошла успешно

В канун Дня судьи и работника суда, а также...