12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Жазасы ауыстырылды

СҚО бойынша ҚАЖД Ғ.Мүсірепов атындағы аудандық пробация қызметінің бөлімшесінде сотталған «К.» қатысты бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы қашықтан форматта жүргізілетін ашық сот процесі өтті. Есепке қою кезінде «К.» сотталғанмен қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бермеу туралы профилактикалық сипаттағы әңгіме өткізілді, сондай-ақ оған бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеудің тәртібі мен шарттары түсіндірілді. Сондай-ақ сотталған «К.» пробация қызметінің бөлімшесіне келу кестесімен қол қойғызып хабардар етілді.

Алайда, сотталған «К.» жазасын өтеу тәртібі туралы хабардар бола отырып, Ғ. Мүсірепов атындағы ПҚБ тіркеуге тұрмады, сот жүктеген міндеттерді бұзды және әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бірнеше рет ескертулерден, сондай-ақ профилактикалық әңгімелерден кейін сотталған адам өзі үшін тиісті қорытынды жасамады, өйткені аталған бұзушылықтар зиянды және жүйелі болып табылады аудандық пробация қызметі бас бостандығын шектеуді жазаның өтелмеген бөлігіне бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы материалдарды сотқа жіберді. ҚР ҚК 44-бабының 3-бөлігіне сәйкес, бас бостандығын шектеуге сотталған адам жазаны өтеуден қасақана жалтарған жағдайда, сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазамен ауыстырылады.

Сот отырысында сотталған «К.» өз кінәсін, сондай-ақ жазаны өтеу тәртібін бұзуға жол берілген фактілерді толық мойындады. Сот іс материалдарын зерттеп, пробация қызметінің ұсынысын қанағаттандырып, бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтелмеген 2 жыл 2 ай 3 күн мерзімге бас бостандығынан айыруға ауыстырды.
Ағымдағы жылдың басынан бері қоғамнан оқшаулаусыз жазаға сотталған, Солтүстік Қазақстан облысы пробация қызметінің есебінде тұрған 49 адам жазасын өтеу шарттары мен тәртібін бұзғаны үшін бас бостандығынан айыру орындарына жіберілді.

СҚО бойынша ҚАЖД
Ғ. Мүсірепов ауданының № 1 ПҚБ аға инспекторы
әділет майоры Сания Жетпісова

Сотталғандармен психологиялық жұмыс: қорқыныштың алдын алу сессиясы

Абай облысындағы №21 мекемеде сотталған азаматтармен психологиялық қолдау жұмыстары...

Облыс прокуратурасының қызметкерлері жаза өтеудегі тұлғалармен кездесу өткізді

«Заң мен тәртіп» қағидаты және Қазақстан Республикасы Конституциясының 30-жылдық...

ҚР ІІМ ҚАЖК №64 мекемесінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған мәдени іс-шара өтті

ҚР ІІМ ҚАЖК №64 мекемесінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне...