12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Жазаны қатаңдату арқылы жауаптылық көтеріледі

Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі. Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындайжәбір көрсетуге не жазалауға болмайды.

Алайда, соңғы уақытта адамның ар-намысына, қадір-қасиетіне, тәніне қаскөйлікпен озбырлық жасайтын фактілер жиілеу үстінде. Тіптен жақын туыстарының қатарына жатқызылса да осы індеттің отбасы-тұрмыстық қатынас саласында күннен-күнге көбеюде. Бұл өз кезегінде түрлі қылмыстардың орын алуына алып келуде.

Оның артында теңдік, кемсітпеушілік, ерік білдіру және өзін-өзі жүзеге асыру сияқты көптеген мәселелер жатыр.

2017 жылы денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру, ұрып-соғу санаттары қылмыстық құқық бұзушылық қатарынан алып, әкімшілік құқық бұзушылық ретінде қаралып келген.

   Яғни аталған санаттағы істер қылмыс қатарынан шығарылып, өз кезегінде жазасы да жеңілдеген-ді.

Оның да тиімсіз тұстары көрініс тауып, осы бойынша қылмыстық жауаптылықты күшейту және әкімшілік құқық бұзушылықтарды криминализациялау мәселесі көтеріліп, биыл 15 сәуірде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды.

Аталған өзгерістерге сай қылмыстық кодекс 98-3-баппен толғып, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамның мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленді.

Осылайша, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылған адамның мінез-құлқына 3 айдан 1 жылға дейінгі мерзімге психологиялық көмек көрсетуді көздейтін ерекше талаптар, яғни:

  • жәбірленушінің еркіне қарамастан, жәбірленушіні іздестіруге, қудалауға, оған баруға, ауызша, телефон арқылы сөйлесуге және онымен, оның отбасының кәмелетке толмаған немесе әрекетке қабілетсіз мүшелерін қоса алғанда, өзге де тәсілдермен байланыс жасауға;
  • атыс қаруы мен қарудың басқа да түрлерін сатып алуға, сақтауға, алып жүруге және пайдалануға;
  • алкогольдік ішімдіктерді, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды пайдалануға тыйым салуы мүмкін.

Сонымен қатар, зорлық-зомбылық қолданып қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамның мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленген кезде жәбірленушіні және отбасы мүшелерін күзету және қорғау үшін сот ерекше жағдайларда 30 тәулікке дейінгі мерзімге зорлық-зомбылық қолданып қылмыстыққұқық бұзушылық жасаған адамға жәбірленушімен  бірге тұруға тыйым салу түріндегі құқықтық  ықпал етушарасын қолдануға құқылы.

Бұл ретте сотталған адамның не оған қатысты сотқа дейінгі тергеу тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылған адамның мінез-құлықына қойылатын ерекше талаптардың қолданылу мерзімі кезінде оған айына бір реттен төртке дейінгі профилактикалық әңгімелесу үшін ішкі істер органдарын акелу  міндеті жүктелуі мүмкін екендігі ескеріледі.

Сонымен қатар, кодекс 108-1, 109-1-баптармен толықты.

ҚК-нің 108-1-бабы бойынша денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру 200 Айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.

Ал, екі немесе одан да көп адамға; адамның қызметтік жұмысын жүзеге асыруына немесе кәсіптік немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты осы адамға немесе оның жақындарына; аса қатыгездікпен, сол сияқты кінәлі адамға дәрменсіз күйде екені көрінеу белгілі не кінәлі адамға материалдық жағынан немесе өзгеше түрде тәуелді адамға қатысты жасалған;адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;бұзақылық ниетпен;әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, діни өшпенділік немесе араздық уәжі бойынша; бірнеше рет;көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған осындай әрекет үшін 1000 АЕК-ге дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Осы санаттағы істер бойынша Заң күшіне енген күннен бастап Қызылорда қаласының №2 сотына 2024 жылдың 12 айында 9 іс қаралып, оның 5-еуі бойынша жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық іс қысқартылды. 1 іс прокуратураға кері қайтарылған.1 іс бойынша сотталушыға іздеу жарияланған.

Сот үкімімен 2 іс бойынша қоғамдық жұмысқа тарту, 1 іс бойынша 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салу түріндегі жаза тағайындалды.

ҚК-нің 109-1-бабында, яғни дене ауруына ұшыратқан, бірақ денсаулыққа жеңіл зиян келтірмеген ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттері үшін 80 АЕК мөлшерінде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстары не 80 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не 25 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу жазасы көзделген.

Бұл санат бойынша Қызылорда қаласының №2 сотының 2024 жылдың 12 айында 27 іс қаралып, оның 14-і бойынша жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық іс қысқартылса, 4 іс бойынша қоғамдық жұмысқа тарту, 6 іс бойынша айыппұл салу жазасы тағайындалды. 1 іс прокуратураға кері қайтарылған, ал 2 іс қалдық келесі жылға.

Бұл дегеніміз – әлдекімді ұрып-соғып, денсаулығына зиян келтірген адамға берілетін жазаны қатаңдату болып табылады.

Соның нәтижесінде қоғамда жиі орын алып жатқан келеңсіз жайттарға тосқауыл қойылып, жауаптылықтың артатынына сенім мол.

Қызылорда қаласының №2 сотының

судьясы Т.Қ.Темірбаев

Шынайы ақпарат сенімді нығайтады

Кез келген мемлекетте бұқаралық ақпарат құралдарының ролі зор. Өйткені,...

Тәуелсіз кассациялық соттың құрылуы сот төрелігінің сапасын арттыруға ықпал етеді

Кассациялық сот-бұл сот істері мен материалдарын кассациялық сатыда қарастыратын...

Сот кабинетінің ерекшелігі

Қазіргі уақытта ғылым мен техника қарыштап, дамыған елдерде қағазбастылықтан...

Қазақ тілінің қазіргі жағдайы мен дамуы

Қазақ тілі — Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі екендігін айтпаса...