12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Жазаны күшейту қылмыстың алдын алуға ықпал етеді

«Менің басты міндетімнің бірі – Қазақстанды қауіпсіз әрі жайлы елге айналдыру. Құқық қорғау органдарына және басқа да жауапты мекемелерге азаматтардың қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету жүктелді». Бұл мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына үндеуі. Қазіргі таңда елімізде адам құқығын қорғау мен қылмыстың алдын алу, қауіпсіз қоғам құру жолында көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Соның айғағы қоғамымызда алаяқтық деректерінің көбеюінен жазаны күшейту, есірткі тасымалының күшеюіне орай жауапкершілікті қатаңдату секілді шаралар қабылданып жатыр. Соның арқасында қазіргі таңда елімізде көптеген қылмыс түрлеріне жаза күшейтілді.

Соның бірі «Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру» және «Ұрып-соғу» сияқты құқық бұзушылықтар үшін енді қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Бұрын заң бұзушылар тек 20 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынатын. Енді 80 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін айыппұл салынып, екі жыл бас бостандығынан айырылады. Яғни қоғамда өршіп бара жатқан кейбір қылмыс түрлерінің алдын алу үшін уақыт сұранысына сай жаза күшейтіліп отырады. Өйткені елімізде соңғы жылдары жантүршігерлік тұрмыстық зорлық зомбылық оқиғалары тым көбейіп кетті. Тіпті адам өлімімен аяқталатын мұндай қылмыстардың алдын алудың бірден бір жолы жазаны күшейту екені анық. Осы орайда «қылмыстың өтеуі — жаза» екенін ұмытпауымыз керек.

:Жолдауда мемлекет басшысы «Ішкі істер министрлігі ұсақ бұзақылық пен вандализмнен бастап, шетелдіктердің заңсыз көшіп келуіне және басқа да ауыр қылмыстарға қатаң тосқауыл қойып, дереу жолын кесуге міндетті. Құқықтық мемлекетте қылмыс әлеміне орын жоқ, қарақшылықты түп-тамырымен жою қажет. Түрлі экстремистердің, оның ішінде әсіре діншілдердің де елге іріткі салатын әрекеттеріне қатысты ұстаным дәл осындай болуға тиіс» екенін де еске салды. Демек бақылауға алынуы тиіс құқықбұзушылықтың бірі осы деуге болады.

Жалпы елімізде азаматтардың қауіпсіздігі, қолайлы қоғам құру мұраты алдыңғы орынға шығып келеді. Жеке адамнан бастап тұтас қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету – мемлекет үшін стратегиялық маңызы бар басымдық екенін сезініп отырмыз. Сондықтан қатаңдатылған, күшейтілген қылмыстық жазалар уақыт өте өз жемісін берері анық!

Сембаев Данияр Қазалиевич, Әуезов аудандық сотының судьясы

Сот жүйесінің жаңашылдықтары

Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы құқықты және әлеуметтік мемлекет»...

«Сот төрелігінің маңызды бағытының бірі – бітімгершілік»

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының құқықтық саясатында сот жүктемесін азайту,...

ӘКІМШІЛІК СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУДЕГІ СОТТЫҢ БЕЛСЕНДІ РӨЛІ

Елімізде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік...

Сотқа құрметтемеушілік білдірген – жауапкершілікке әкеледі

Қазақстан Республикасының заңнамасында сотқа құрметтемеушілік білдірген тұлғаларға қатысты жауапкершілік...

Сот жүйесіндегі жаңа технологиялар

Сот жүйесін жаңартуға бағытталған жаңашылдықтар жүйелі жүзеге асып, соттар...