Жазаны өтеу мерзімі кейінге қалдырылған тұлғаларды тексеру

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 74 -бабына сәйкес жас баласы бар немесе оны тәрбиелеп отырған сотталған әйелдер мен жас баласын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектерге жазасын өтеуін сот бес жылға дейін, бірақ бала он төрт жасқа толғаннан аспайтын мерзімге кейінге қалдырады. Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД-нің Т.Рысқұлов аудандық пробация қызметінде 3 сотталған жазасын кейінге қалдырылған есепте тұр. Пробация қызметі жазаны өтеу мерзімі сотпен кейінге қалдырылған тұлғалардың мінез-құлқын, тұрмыстық жағдайын және міндеттемелерді орындауын тұрақты түрде бақылап отырады. Тоқсан сайын пробация инспекторлар, қорғаншылық және қамқоршылық органдары, АПБ-нің ҚҚБ ЮПТ инспекторларымен бірлесіп сотталғандардың тұрғылықты мекен-жайларына барып, тұрмыстық жағдайларын тексереді.

Есептегі азаматтар пробация талаптарын орындауға міндетті: уақытында белгілену, мекенжайын рұқсатсыз ауыстырмау және құқық бұзушылыққа жол бермеу. Әрбір тексеру нәтижесі құжатталып, олардың тәртібі мен әлеуметтік бейімделуі бағаланады.

Бұл жұмыстардың негізгі мақсаты – қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтарды алдын алу және жазасы кейінге қалдырылған азаматтардың қалыпты өмірге қайта бейімделуіне жағдай жасайды.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...