Жазалы балалар Астана күнін және Ұлттық домбыра күнін атап өтті !


6 шілде Астана қаласының туған күніне орай, Алматы қаласы, Алматы және
Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты, No11
мекемеде, Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасының мәдени іс шара
ұйымдастыру бөлімінің бастығы Құмарова Шарайна Файзуллаевнамен бірлесіп,
қызметкерлері домырашы-Ахмадиев Айбынмен, Астана және Ұлттық домбыра күні
кәмелетке толмаған сотталғандар арасында аталып өтті.
Іс-шараның мақсаты: Астана қаласының символы, Астананы ауыстыру туралы ҚР
президентінің жарлығы, оның мәртебесі туралы ҚР Заңы, Астана қаласының қазіргі
келбетімен, жетістіктерімен таныстыру.
Іс-шара кітапханашылар дайындаған Астана қаласы туралы баяндамадан
басталып, көрнекті қала туралы, қызықты кітап көрмесі көрсетілді. Ахмадиев Айбын
домбыраның тарихы туралы айтып, домбырамен күй шертіп жасөспірімдерге ән
орындап берді. Жазалы жасөспірімдер Астана-әсем қала туралы, викториналық
сұрақтарға қатысып, сыйлыққа кітап алды. Қос мереке көңілді қызықты
өтіп,қатысушылар жақсы әсер алды. Іс шара соңында, мекеменің тәрбие бөлімінің
бастығы, әділет подполковнигі Бәзілбаева Алма Қойшыбаевна келген қонақтарға
мекеме бастығының атынан алғыс айтып, жазалы жасөпірімдерді мерекемен құттықтап,
осындай мерекелер арқылы, жасөспірімдердің эстетикалық талғамдарын дамытып,
қатарластарынан қалмай қоғамға дұрыс тәрбиелі азамат болып оралуына тілек білдірді.
No11 мекеме Еркегүл Жеңісхан

Тұрақты даму мақсаттары: білім мен қоғамды байланыстыратын жүйелі қадамдар

Қазіргі таңда әлем елдері үшін тұрақты даму мақсаттары тек...

Әділ қоғам  қалыптастыруда білімнің рөлі

Қазіргі кезеңде тұрақты дамудың негізгі шарттарының бірі әділ, ашық...

Мемлекеттік қызмет — мерейлі міндет

Мемлекеттік қызмет – мемлекет жүйесінің ел басқарудағы ең маңызды...

Задачи административной юстиции

1 июля 2021 года введен в действие Административный процедурно-процессуальный...

Будущим юристам показали работу уголовно-исполнительной системы изнутри в области Абай

В области Абай сотрудники учреждения максимальной безопасности Департамента уголовно-исполнительной...