12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Жазалаумен жемқорлықты жеңем деу қате

Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам құру – кез келген өркениетті елдің басты мақсаты. Дамымаған мемлекеттің болашағы болмайтынын, сенім жоғалған елде билік пен халық арасындағы байланыс үзілетінін білетіндіктен әрбір ел жемқорлыққа қарсы күресті жүйелі, кешенді ұйымдастыруға күш салады.
Мұндай ұмтылысты өзі­міздің елден де байқау қиын емес. Қазақстан кеңестер ода­ғынан шыққан мемлекеттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы пәрменді заң қабылдаған алғашқы ел. Бұл заң барша халықты кеселмен күреске жұмылдыруға, қоғамды парақорлықтан сақтауға бағытталған. Алайда, уақыт, жемқорлықты – қатаң жазалау­мен, жоғары айыппұлмен жеңуге болмайтынын көрсетті. Осындайда белгілі жазушы Владимир Короленконың «Қатаң жазалаудың көмегімен парақорлықтан бас тартқызып, бағаны реттеуге болады деген ой түбірімен қате» деген сөзі еріксіз еске оралады. Жаза арқылы жемқорлықты жоюға болса, Қытайда парақорлар әлдеқашан жоқ болар еді. Ал жыл сайын көпшіліктің көз алдында, жария жазаға тартылып, өлім жазасына кесілетін шенеуніктердің азаймауы Қытайдың да қатаң заңының қуатты еместігін көрсетеді.
Бұл ретте ашықтық пен қолжетімділіктің арқасында сыбайлас жемқорлықтың жолын кескен Нидерланды, Швейцария, Сингапур сияқты дамыған елдердің тәжірибесінен үйренеріміз көп. Барлық саланың жұмысын көпшілік бақылап, қадағалай алатындай жағдай туғызған бұл елдерде заңнан аттау, теріс әрекетке бару мүмкін емес. Оның үстіне, мемлекеттік қызметтің беделін көтеру бағытында ауқымды іс-шаралар атқарған озық елдер мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы жұмысына сәйкес келуіне мән береді. Жұмысын сапалы, мінсіз, таза атқарса қызметте сатылап өсіп, зейнетке шыққанда көптеген басымдықтарға ие болатынын білетін мемлекеттік қызметкерлердің өзі де ешқашан жемқорлыққа бармайды. Сингапурдың қоғам қайраткері Ли Куан Юдің: «Жемқорлықты жеңу үшін шалыс басқан достарың мен туыстарыңа аяушылық танытпай, түрмеге отырғызудан қашпаған жөн» деуі бұл елде сыбайластыққа мүлде төзбейтін ахуал қалыптасқанын аңғартады.
Парақорлық – мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады. Кеселмен күрес нәтижелі болуы үшін ортақ істен барлық азамат шет қалмауы керек. Қоғамда пара алушы ғана емес, пара беруші де қылмыскер деген түсінік орныққанда жемқорлықтың тамырына балта шабылады.
Сыбайластыққа қарсы кү­реске сот саласы да ерекше мән береді. Бұл жұмыстар жем­қорлық көріністерінің жекелеген фактілерін анықтаумен шектелмей, жиі қайталанатын заңбұзушылықтарды анықтап, алдын алуға негізделеді. Сонымен бірге, бұл күресте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырып, қоғамдық бақылауды күшейту маңызды. Сот жүйесінің анықтығы, ашықтығы қағидаты да кеселдің орын алуына тежеу болады. Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінде дербес құрылымдық «Ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімінің» құрылуы соттағы тазалықты сақтаудың, сол арқылы азаматтар сенімін нығайтудың тетігі.

Медетбек Сәрсенов,
Қызылорда облысының мамандандырылған
ауданаралық әкімшілік сотының судьясы

Сот жүйесіндегі жаңа технологиялар

Сот жүйесін жаңартуға бағытталған жаңашылдықтар жүйелі жүзеге асып, соттар заманауитехнологиялармен жұмыс жасауды кеңінен қолға алды. Соңғы жылдары сот жүйесі заманауи ақпараттық технологиялар арқылы электронды...

Неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар артуда

Расында, өкінішке орай қазіргі таңда неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар...

Құқықтық ликбез — соттан тыс банкроттық

2023 жылғы 3 наурыздан бастап «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем...

Ата Заң – тәуелсіздік тірегі

Тәуелсіздігіміздің тірегіне, азаттығымыздың алтын тамырына айналған Ата заңның қолданысқа...

Соблюдение этических норм – основа независимости судьи

Принятие Кодекса этики судей имеет большое значение для судебной...