12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Жауынмен жарысқан желтоқсандықтар

Бүгін 31 мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні құрметіне Тәуелсіздік таңына жол бастаған желтоқсан қаһармандары Алматыда нөсерлетіп тұрған жауынмен жарысып марафон ұйымдастырды. 

«ЖЕЛТОҚСАН АЛМАТЫ» қоғамдық бірлестігінің  жетекшісі Серікбек Дүрімбайұлымен бірге ардагерлер Бейсенғазы Сәдуұлы, Хасен Қожахмет те келді. Желтоқсандық марафоншылар  алдымен Алматы алаңындағы Тәуелсіздік монументіне жиналып  гүл шоғын қойып,тағзым етті.

Алматы алаңынан бастау алған марафоншылар шеруі Талғар ауданы Тұздыбастау селосында  өз күштерімен алаш арыстарына арнап қойылған «Алаш Орда арыстарына тағзым»  монументіне дейін  барды. Ескерткіш басында марафоншыларды Талғар қаласының  Ішкі саясат және мәдениет бөлімінің басшысы Бегенбаева Фарида ханыммен бірге қолдап келген аудан ардагерлері қарсы алды.

Сонымен бірге қазақ теңгесінің авторы Қайролла Әбжәлелов марафоншыларды құттықтап, соңы   ұйымға жаңадан мүшелікке қосылған желтоқсаншыларды марапаттауға ұласты. Марафоншылар жиын соңында Алаш арыстарына   құран бағыштады. 


Алға, желтоқсан қаһармандары, ниет оң болсын! 

Ұлбала Тілеуқызы.

Қылмыстық істердің әскери соттарға соттылығы

Егемен еліміздің әскери соттары 1992 жылдан бастап жұмыс істейді....

Последний атаман казахского кино…

УШЕЛ ИЗ ЖИЗНИ АСАНАЛИ АШИМОВ. ВЕЛИКИЙ АКТЕР. НАША ГОРДОСТЬ....

Орталық Азия – Жапония: жаңа стратегиялық диалог

2025 жылғы 20 желтоқсанда Токио қаласында өткен «Орталық Азия...

Құқықтық мәдениет: ұғымы, құрылымы және қоғамдағы рөлі

Құқықтық мәдениет – құқықтық мемлекеттің негізін құрайтын маңызды қоғамдық...

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде қоғам үшін қауіптілігі

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғамның дамуына елеулі қауіп төндіретін...