12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Құжатсыз мал тасымалдаған 7 жүргізуші жауапқа тартылды

Жетісай аудандық полиция бөлімінің кызметкерлері мал ұрлығының алдын алу мақсатында, мал және ет өнімдерін тасымалдаушы көліктерді қатаң бақылауға алған. Яғни ауданның маңызы бар жолдарында төрт түліктің құжаттары жіті тексерілуде. Мал базарға рейдтiк тексерiс жұмыстары жүргізілуде.

Осындай тексеру шаралары нәтижесінде, мал базарға сатуға әкелген ірі-қара және ұсақ малдарының құжаттары жоқ, сырғаланбаған деректер анықталды. Бұл бойынша мал иелерiне түсiндiру жұмыстары жүргiзiлiп, ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабы «Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу» бойынша 7 әкiмшiлiк хаттама толтырылды. Іс құжаттары жинақталып, заңды шара қолдану үшін аумақтық ветеринария инспекциясына жолданды. Жалпы шара барысында 20 автокөлік тексерілді. Өз кезегінде полицейлер тұрғындарға заңсыз мал тасымалдау, белгіленбеген орындарда бөлшектеу мен малды сою, ен-таңбалары жоқ малдарды саудаға салу деректерін болдырмау мақсатында, атқарылып жатқан жұмыстар жалғаса беретінін ескертеді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Абайдың мұрасы – сарқылмас қазына

Абай XIX ғасырдың бірінші жартысының соңында қазіргі Шығыс Қазақстан...

Гранит чьей-то совести

АЛМАТЫ НА СЛАВИТСЯ ГОРЫ, УЮТНЫМИ СВОИМ ЖИВОПИСНЫМ УЛИЦАМИ И СТРЕМЛЕНИЕМ...