12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Жасырын тергеу әрекеттерін санкциялаудың ерекшеліктері

Жасырын тергеу әрекеті – бұл қылмыстық іс бойынша дәлелденуге жататын мән-жайларды анықтау үшін іс мүдделеріне қатысы бар адамдарға алдын ала хабарламай сотқа дейінгі іс жүргізу барысында жүргізілетін әрекет. Жасырын тергеу әрекеттерін санкциялау Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген тәртіппен және жағдайларда жүзеге асырылады.

      Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының келісімі бойынша құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар бекіткен Қағидаларда айқындалады. Жасырын тергеу әрекеттері іс бойынша дәлелденуге жататын мән-жайларды анықтау мақсатында сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын органның іс жүргізуіндегі қылмыстық іс бойынша заң мүлтіксіз сақталып және Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары қамтамасыз етіліп, жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу талаптары сақталған және жүргізуге негіздер болған кезде жүзеге асырылады.

 Мамандандырылған тергеу соты немесе мамандандырылған ауданаралық тергеу соты болып табылмайтын аудандық не оған теңестірілген соттың тергеу судьяларының жасырын тергеу әрекеттерін санкциялау бойынша материалдарды қарауға құқығы жоқ. Жасырын тергеу әрекетін жүргізуді ұзартуға санкцияны жасырын тергеу әрекетін жүргізуді санкциялаған тергеу судьясы береді.  Ерекше жағдайларда сол тергеу судьясының жасырын тергеу әрекетін жүргізуді ұзартуға санкция беру мүмкіндігі болмаған кезде санкциялауды осы соттың басқа тергеу судьясы жүзеге асырады.

      Кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда жүргізілген жасырын тергеу әрекетінің заңдылығын мамандандырылған тергеу сотының тергеу судьясы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізетін органның орналасқан жері бойынша және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізетін тұлғаның тапсырмасын орындайтын құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органның уәкілетті бөлімшесінің орналасқан жері бойынша не сотқа дейінгі тергеп-тексеру орны бойынша тексереді.

Киянбекова Асель Ерлановна, Жезқазған қаласының мамандандырылған тергеу сотының судьясы

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...

Сот азаматтың тұрғын үй құқығын қорғады

Талап қоюшы 2011 жылдың сәуір айынан бастап «жасына байланысты...

Кассациялық соттың құрылуы және қызметі

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан...