12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Жасыл экономика өмірімізді жақсарта ма?

«Жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасының қабылданғанына биыл мамыр айында 9 жыл толады. Ол Қазақстанның 2050 жылы әлемнің бәсекелестікке қабілетті озық 30 елдің қатарына қосылу жөніндегі стратегиялық мақсатқа қол жеткізуін қамтамасыз етеді деп жоспарланған.

Атап айтқанда, ЖІӨ-ді қосымша 3 пайызға ұлғайтып, 500 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құруға, өнеркәсіп пен қызмет көрсетулердің жаңа салаларын қалыптастыруға, халық үшін сапалы өмір сүру стандарттарын қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек.

Ал оған көшу үшін қажетті инвес­тициялар көлемі жыл сайын ЖІӨ-нің шамамен 1%-ын құрайды, бұл шамамен 3-4 миллиард АҚШ долларына тең қаржы. Тұжырымдама қабылданған кезде оның алғышарты ретінде мына жағдайлар бөліп көрсетілген болатын:
1. Негізгі секторлардың бәрінде де ресурстардың тиімсіз пайдаланылатыны. Сарапшылардың бағалауы бойынша, ол экономиканы жыл сайын 4-8 млрд доллар болатын табыстан айырып отырды. Егер шара қолданылмаса, бұл қаржының көлемі 2030 жылға қарай 14 млрд долларға дейін ұлғаюы мүмкін болды.

  1. Энергия ресурстарына тариф және баға белгілеу жүйесінің жетілдірілмеуі өнеркәсіпті технологиялық жетілдіру үшін түрткі болмайды.
  2. Қазақстанның маңызды экологиялық көрсеткіштер бойынша таби­ғи ресурстар мен қоршаған ортаның жай-күйінің айтарлықтай нашарлауы мәселесімен бепте-бет келуі. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы жерлерінің шамамен үштен бірінің тозуы және әлеуетті егістік жерлердің 10 миллион гектардан астамының қараусыз қалғаны. Экономика қажеттілігін қанағаттандыру үшін 2030 жылға қарай орнықты су ресурстарының 13-14 млрд м3 көлеміндегі тапшылығы орын алады деп болжануы. Қалдықтарды басқарудың интеграцияланған жүйе­сінің болмауы. Коммуналдық-тұрмыстық қатты қалдықтардың 97%-ның санитариялық талаптарға жауап бермейтін бақыланбайтын үйінділер мен қалдықтар көмілетін жерлерге шығарылуы.
  3. Қазақстан экономикасы шикізат ресурстарының экспортына тәуелді болғандықтан әлемдік нарықтағы бағалардың құбылуының әсеріне ұшырауға бейімділігі және тағы басқалар.
    «Жасыл» экономикаға ауысу аясында: қорлардың тиімділігін арттыру; қазақстандық инфрақұрылымды жетілдіру; халықтың əл-ауқатын жақсарту болжанды.

Ұлттық жобадан үміт мол

Бұдан біраз бұрын Қазақстан Рес­публикасының «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2013–2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілген. Кейін оның 145 тармағының 33-і алынып тасталды, 85-і бақылаудан алынды. Мәселен, су ресурстарын тұрақты пайдалануда 2020 жылы 304 жобаны іске асыруға республикалық бюджеттен 113 млрд теңге бөлінді. 4 425 км сумен жабдықтау және су бұру желілері салынды және реконструкция­ланды. 2020 жылдың қорытындысы бо­йынша халықтың сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділігі қалаларда 97,5 пайызды, ауылдарда 90,1 пайызды құрады. Ауыл, орман және балық шаруашылығындағы еңбек өнімділігі 2012 жылғы деңгейден 4,83 еседен астам ұлғайды. Электр энергетикасында жиынтық қуаты 1634,7 МВт (ЖЭС–486,3 МВт; КЭС–911,6 МВт; СЭС – 229,04 МВт; БиоЭС – 7,82 МВт) ЖЭК-нің жұмыс істеп тұрған 115 нысан болды. ЖЭК 115 нысанының электр энергиясын болжамды өндіруі шамамен 3,2 млрд кВтс немесе электр энергиясын өндірудің жалпы көлемінің 3 пайызын құрады. Қалдықтармен жұмыс жасау саласында: қайта өңделген және кәдеге жаратылған өндіріс қалдықтарының үлесі 36 пайыз, ТҚҚ – 18 пайыз; қалдықтарды жинау және шығару бо­йынша қызметтермен ел халқының 81 пайызы қамтамасыз етілді; республика бойынша 2 661 астам полигонның 18,8 пайызы экологиялық талаптарға сәйкес келді. Полигондардың 81,2 пайызы заңдастырылмаған. Сондықтан 2021 жылы 2021–2025 жылдарға арналған «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы қабылданды.
25 қазанда ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында оны таныстыр­ған кезде Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес әзірленген бұл жоба «Таза Қазақстан», «Үнемді Қазақстан», «Табиғат», «Экология болашағы» атты төрт негізгі бағыт пен 11 тапсырмадан тұратынын айтты. «Олар бойынша 19 көрсеткіш және 48 іс-шара белгіленген жобаны іске асыру халықтың нақты табысын арттыруға, ЖІӨ-ні 231 млрд теңгеге ұлғайтуға ықпал ететін болады. Ұлттық жобаны іске асыру есебінен 60 мыңға жуық жұмыс орны құрылады», — деген.
Жалпы, бұл ұлттық жобаның 2025 жылға дейін ел экономикасының өсуіне қосар үлесі жыл сайын 0,05-0,22 пайыздық тармақты құрайды. Оны іске асыру үшін қажетті қаржыландыру көлемі 1 413 126,354 млн тг. Оның ішінде: 2021 жылы – 90 670,266 млн тг, 2022 жылы – 146 976,923 млн тг, 2023 жылы – 240 331,431 млн тг, 2024 жылы – 365 564,78 млн тг, 2025 жылы – 5 69 582,954 млн теңге қажет.
Әрине бұл біреуге көп, біреуге аз болып көрінері күмәнсіз. Өйткені, тұжырымдаманың бірінші кезеңінде жұмсалған қаржының тиімділігі әлі толық айқындалып болған жоқ. Сондықтан, оның екінші кезеңіндегі ұлттық жобаның жетекшісі болып отырған Экология, геология және табиғи ресурстар министрі С. Брекешев пен кураторы болып отырған Премьер-Министрдің орынбасары Р.Склярдың иығына артылған жүк ауыр.

САРАПШЫ ПІКІРІ

Елдос АБАКАНОВ,
ҚР Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғатты пайдалану комитетінің мүшесі:

– «Жасыл экономикаға көшу» тұжырымдамасының бірінші кезеңінде алдымен оның индикаторына қатысты біршама заңнамалық актілер қабылданды. Оның ішінде энергия тиімділігі, баламалы энергияны қолдау, органикалық өнімдерді дамыту туралы заңдар бар. Екінші, тұжырымдамада бекітілген көп индикаторларды іске асыру үкімет тарапынан қатаң бақылауда болды. Әрине, барлық индикатор бойынша оң нәтиже болмаса да, энергия тиімділігіне қатысты ІЖӨ 2008 жылдың деңгейінде салыстырғанда энергия сыйымдылығын 25 пайызға төмендету бойынша мақсатқа жеттік. Баламалы энергияны 3 пайызға жеткізу мақсатына да қолжеткіздік. Дұрыс іске аспаған салалардың ішінде 2020 жылға дейін ауылдық жердегі халықты сумен толық қамтамасыз ету мәселесі болды. Президент оны енді 2025 жылға дейін шешу міндетін қойды.
Жалпы, «Жасыл экономикаға көшу» тұжырымдамасының ең негізгі мәселесі оны іске асырудағы қаржыландыру механизмінің жоқтығы. Яғни, кейбір мәселелер бойынша енді қаражатты қайдан аламыз, оны қалай іске асырамыз дегенді ойластыру қажет. Екінші, бүкіл индикаторлардың республикалық деңгейде бекітілуі. Менің ойымша индикаторлар әр облыс бойынша бекітілу керек және әрбір әкімшілік оны шешуге күш салуы қажет. Жоғарыға қарап отырмай. Қарапайым мысал, тұжырымдамаға сәйкес қалдықтарды халықтан жинау 2030 жылы 100 пайыз шешілу керек. Бірақ ауылдық жерлерде бұл мәселе әлі шешіліп жатқан жоқ.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ,
«Заң газеті»

Украина төңірегіндегі жағдай ушықты: Тоқаев тапсырма берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Украина төңірегіндегі жағдай ушығуына байланысты тапсырма...

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АЛАЯҚТАРДЫҢ АЗЫҒЫ БОЛМАУЫ ТИІС

Қазақ халқының дәстүрінде қайырымдылық пен жомарттық ерекше орын алады. Жетімін жылатпай, жесірін қаңғытпай, мұқтажға қол ұшын созу – ұлтымыздың асыл қасиеттерінің бірі. Алайда соңғы уақытта қайырымдылық саласында орын алған кейбір келеңсіз оқиғалар осы түсініктерге қаяу түсірді.

Что угрожает единству общества? 

Депутат Мажилиса Парламента подозревает некие скрытые силы в проведении целенаправленной кампании по дестабилизации политической ситуации в стране с использованием социальных сетей и других онлайн-платформ.

Елімізде қаңтардағы демалыс күні ауыстырылды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың қаңтарындағы демалыс күнін ауыстыруды көздейтін бұйрық дайындады.

Депутат мектеп бағдарламасына жаңа пән енгізуді ұсынды

Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай мектеп бағдарламасына балалар Қазақстанның материалдық емес мәдени мұрасын зерттейтін жаңа пән енгізуді ұсынды.