«Жасыл Дамуға» жаңа басшы тағайындалды

«Жасыл даму» АҚ басқарма төрағасы болып Ержан Сәрсенбай тағайындалды. Бұған дейін бұл қызметті Жанат Самат атқарған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ержан Сәрсенбайдың еңбек өтілі:

  • Ержан Сәрсенбай 2001 жылдың қарашасынан 2006 жылдың шілдесіне дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде жетекші маманнан бөлім бастығына дейін қызмет атқарды.
  • 2006 жылғы шілдеден 2007 жылғы сәуірге дейін — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің ғылым және инновациялар секторының меңгерушісі.
  • 2007 жылғы мамырдан 2010 жылғы қарашаға дейін — «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Жобалар бойынша агенттік қызмет көрсету департаментінің басшысы.
  • 2011 жылғы мамырдан 2014 жылғы ақпанға дейін — «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ Несиелеу және несиелік әкімшілендіру департаментінің директоры.
  • 2015 жылғы қаңтардан 2017 жылғы ақпанға дейін – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Экономика салаларын дамыту департаменті директорының орынбасары.
  • 2017 жылғы ақпаннан 2021 жылғы ақпанға дейін – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік міндеттемелерді басқару және қаржы секторын дамыту департаментінің директоры.
  • 2021 жылдың ақпанынан 2022 жылдың ақпанына дейін – «Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» АҚ басқарма төрағасы.

Бұған дейін Жанат Самат «Жасыл даму» АҚ басқарма төрағасы қызметінен кеткені белгілі болған еді. Ол бұл қызметті 2022 жылдың 1 ақпанынан бастап атқарды.

Қазақстан көшіп баруға қолайлы Орталық Азиядағы ең үздік ел атанды 

Қазақстан Rumavi компаниясы жыл сайын әзірлейтін Global Relocation Index 2026 нұсқасы бойынша көшіп баруға қолайлы Орталық Азиядағы ең үздік ел атанды.

Болашақ зейнетақыны қалай көбейтуге болады? 

БЖЗҚ ерікті жарнаның артықшылықтарын түсіндірді.

Қазақстанда не үшін 15 тәулікке қамауға алуы мүмкін? – Адвокаттың түсініктемесі 

Вандализмді басқа құқық бұзушылықтардан ажырата білу маңызды.

Оқу бағдарламасына жасанды интеллект енгізілді: Қандай өзгеріс болады? 

Енді Қазақстан мектептерінде жасанды интеллект жеке пән ретінде оқытыла бастайды.

Президент Тоқаевтың 30 жылдан астам уақыттағы айтқан сөздері бір кітапқа топтастырылды 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 30 жылдан астам уақыттағы маңызды ой-пікірлері алғаш рет бір кітапқа топтастырылды. Басылымға не енді?