Жастарды жаман әдеттен сақтау керек!

Жасөспірімдер мен жастар арасындағы нашақорлық мәселесі бүгінгі күні өзінің өзектілігін жоғалтпауда. Қазіргі уақытта жастар синтетикалық есірткіге көп әуестенуде. Оған бірден-бір дәлел жасөспірімдер мен жастарға синтетикалық есірткіні «Интернет-дүкендер» Telegram мобильді қосымшасы арқылы сатуда. Көп жағдайда жастарға есірткі жарнамасын жабыстырушы немесе курьерлер жумысын ұсынуда. Бұл әрекеттің барлығын жасөспірімдер мен жастар қылмыспен жазаланатынын білмеуде.

Соңғы уақытта нашақорлық жас ұрпақты басып алуда.
Қоғамның бір байлығы — адам болған кезде, біз адамның байлығы денсаулық деп айтамыз. Осыған байлансты 2025 жылдың 5 наурызында Тараз ст. Желілік полиция бөлімі Есірткіге қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері және кинологиялық қызмет тобының қызметкерлерімен бірлесіп мектеп окушыларына, жасөспірімдерге және басқа да теміржол жолаушыларына есірткіден бойымызды аулақ ұстап, салауатты өмір салтын ұстануға шақыру бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ 2023-2025 жылдарға арналған нашақорлықпен күрес кешенді жоспарының талаптарын орындау мақсатында, теміржол арқылы есірткі және басқа да есірткі
тектес психотроптық, синтетикалық затардың тасымалдануының алдын алу,
анықтау мақсатында Тараз ст. ЖПб-ның қызметтік іздестіру итімен профилактикалық іс-шара жұмыстары жүргізілді.
Жасөспірімдер мен жастарды есірткіден бойымызды аулақ ұстап, салауатты өмір салтын ұстануға шақыру бойынша түсіндірме жұмыстары Тараз станциясындағы желілік полиция бөлімі қызметкерлерімен үнемі жүргізіліп отырады.

Тараз ст. ЖПБ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесі

Телефоны под прикрытием: водитель ИП пытался провести гаджеты в колонию

В учреждении №12 средней безопасности Департамента по Алматинской области...

Лудомания – ғасыр дерті

Құмар ойындар тек жекелеген адамдардың тағдырына ғана емес, жалпы...

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...