«Жастар және полиция қауіпсіз болашақ үшін»: ІІМ Алматы академиясының қолдауымен жастар лагері ашылды

«Жастар және полиция — біз біргеміз» ұранымен ІІМ Алматы академиясы мен халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамы Алматы қаласы Полиция департаментінің қолдауымен 16-19 жас аралығындағы жасөспірімдерге арналған қала сыртындағы кешендердің бірінде жастар лагерін ашты. Осыған байланысты көшпелі лагерьдің салтанатты ашылуы өтті, оған Алматы қаласы әкімдігінің жастар саясаты басқармасының өкілдері де қатысты.

«Қауіпсіз болашақ» жастар лагері жас буын арасында есірткі қылмысы, экстремизм, кибер алаяқтық және т.б. сияқты құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.
Бағдарлама шеңберінде тәжірибелі сақшылармен, соның ішінде өз қызметтік борышын орындау кезінде ерлік жасаған полиция қызметкерлерімен кездесулер жоспарлануда. Бұл кездесулер жастардың құқық бұзушылыққа қарсы іс-қимылда полицияның одақтасы ретінде қалыптасуына және қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектеседі», — деп атап өтті ҚР ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Жанат Дильбарханова.

Қатысушылар үшін құқықтық тәртіп және цифрлық қауіпсіздік саласындағы білімді арттыру бойынша шеберлік сыныптары мен тренингтер қарастырылған. Сонымен қатар, лагерь өмірге оң көзқарасты қалыптастыруға ықпал ететін пайдалы және қызықты демалыс ұсынады. Ал актерлік шеберлік бойынша шығармашылық сабақтар қатысушылардың жеке басының дамуына және шығармашылық әлеуетіне ықпал етеді.

«Осы іс — шаралардың барлығының басты мақсаты — ортақ мақсаттарға бірлесіп қол жеткізу үшін жастар мен полиция арасында ашық және сенімді атмосфера құру: қауіпсіз және гүлденген қоғам құру», — деп қорытындылады Жанат Дильбарханова.

Мемлекеттік тілді насихаттау және оның қолдану аясын кеңейту

        Мемлекеттік тіл — кез келген елдің рухани байлығы, ұлттық...

СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАЙ-КҮЙІ

Мемлекеттік тіл – елдің қоғамдық және мемлекеттік өміріндегі маңызды...

Ювеналды соттардың соттылық мәселелері

Қазақстан Республикасының сот жүйесінде соттылық ұғымы – әрбір азаматтың...

Вместе к здоровому образу жизни: осуждённые провели товарищеский матч

В Семее на городском футбольном поле состоялась товарищеская игра...

Мемлекеттік тіл және әділ сот қағидаты

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің негізгі нышандарының бірі, қоғамның құқықтық...