Жастар кеңесі: Алматы жастарына арналған дамудың жаңа бағыты

Жыл басынан бастап қаламыздың барлық комьюнити орталықтарында жастардың жеке және кәсіби дамуын қолдауға бағытталған тұрақты іс-шаралар өткізіліп келеді. Бұл бастама «Жастар кеңесі» жобасы аясында жүзеге асырылып, Алматы қаласының белсенді жастары үшін жаңа білім алу, тәжірибе жинақтау және заманауи дағдыларды меңгеру мүмкіндігін кеңейтіп отыр.

Комьюнити орталықтарының алаңында ұйымдастырылатын шеберлік сабақтары мен тренингтер жастардың көшбасшылық қасиеттерін дамытуға, командамен жұмыс істеу және шығармашылық ойлау дағдыларын жетілдіруге бағытталған. Сондай-ақ, түрлі сала мамандарымен өткізілетін ашық кездесулер арқылы қатысушылар еңбек нарығындағы жаңа тенденциялармен танысып, өз болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылдауға қажетті білім мен тәжірибеге ие болады.

Жобаның тұрақты қатысушыларының бірі, жас көшбасшы Әлия Қуанышбек өз әсерімен бөлісті:

«Комьюнити орталығында өткен әрбір шеберлік сабағы мен кездесу менің жаңа қырларымды ашуға көмектесті. Мұнда тек білім бермейді, шабыт береді және өз әлеуетіңді жүзеге асыруға жол ашады. Осындай мүмкіндіктер үшін алғыс айтамын.»

Қаланың барлық аудандарында қолға алынған бұл жүйелі жұмыс жастарға жан-жақты қолдау көрсетіп, оларды заманауи талаптарға сай дамуға ынталандыруда. Алматы жастарының жаңа идеялары мен бастамаларына жол ашатын комьюнити орталықтары алдағы уақытта да білім мен ынталандыру алаңы бола береді.

Точка юридической истины 

В НАЧАЛЕ 2026 ГОДА В НОТАРИАЛЬНОМ СООБЩЕСТВЕ КАЗАХСТАНА ПРОИЗОШЛО...

Казахстан продвигает финансирование технологий будущего и расширяет доступ к инвестициям в рамках Банка развития ШОС

Казахстан продвигает приоритеты финансирования технологий будущего в рамках создаваемого...

“ТАТУЛЫҒЫ ЖАРАСҚАН ЕЛДЕ ТУҒАНЫМА МАҚТАНАМЫН”

Отан үшін жасалатын қызметтің қашанда орны ерекше. Татулығы жарасқан...

ТІЛГЕ ДЕГЕН ҚҰРМЕТТІ ОТБАСЫМЫЗДАН БАСТАЙЫҚ!

Татулығы жарасқан елімізде барлық ұлттың өкілдері бір үйдің баласындай...

Түркістан облысында 600-ден астам студентке құқықтық ақпарат берілді

Түркістан облысында 600-ден астам студентке құқықтық және тәрбиелік ақпарат...