12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Жастар арасында мемлекеттік қызметті кеңінен насихаттау

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаментінің қызметкерлері қаланың жоғары оқу орындарының студенттері арасында Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы түсіндіруге кірісті.

Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университетінің болашақ бакалаврларымен алғашқы онлайн-кездесу өтті. Іс-шараның спикерлері Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Венера Мурзагельдинова және бас маман Анар Қазжанова болды. Вебинар барысында мемлекеттік қызметке кіру тәртібі тестілеуді тапсыру рәсімінен бастап конкурсқа тікелей қатысуға дейін айтылды. Сондай-ақ, шараға қатысушылар жүйені жаңғырту аясында мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға енгізілген соңғы өзгерістер туралы ақпарат алды. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметшілерді ротациялау және ерікті ротациялау мәселесіне баса назар аударылды.

Жастардың қызығушылығы, қойылған сұрақтар саны алдағы уақытта осындай семинарларды өткізу қажеттілігін көрсетеді.

Спикерлер атап өткендей, іс-шараның негізгі мақсаты болашақта өз инновациялары мен ұсыныстарын енгізу арқылы мемлекеттік басқару саласын жетілдіруге ықпал ететін бастамашыл, креативті жастарды іздеу және тарту болып табылады.

Айта кету керек, осындай форматтағы келесі кездесулерді мегаполистің жетекші жоғары оқу орындарының төртінші курс студенттерімен өткізу жоспарлануда.

 

Мемлекеттік қызмет басқармасы

Порядок начинается с каждого 

В КОСТАНАЙСКОЙ ОБЛАСТИ ЗА ПОСЛЕДНИЕ ТРИ ГОДА БЛАГОДАРЯ СОЦИАЛЬНЫМ...

Стратегический прорыв в АПК

Реализация крупных инфраструктурных проектов в агропромышленном секторе Туркестанской области...

Высокий порог ответственности

ПРЕДСТАВЬТЕ СЕБЕ СИТУАЦИЮ: ВО ВРЕМЯ ДВИЖЕНИЯ АВТОБУСА К ВОДИТЕЛЮ,...

В центре реформы – человек

КОМИССИЯ ПО КОНСТИТУЦИОННОЙ РЕФОРМЕ ПРЕДСТАВИЛА ПРОЕКТ НОВОЙ КОНСТИТУЦИИ, НАПРАВЛЕННЫЙ НА УКРЕПЛЕНИЕ ПРАВ И СВОБОД ГРАЖДАН И ПЕРЕРАСПРЕДЕЛЕНИЕ ПОЛНОМОЧИЙ МЕЖДУ ВЕТВЯМИ ВЛАСТИ.