Жастар әлеуетін дамытудағы университет мүмкіндіктері

Қазіргі таңда жоғары білім беру жүйесінде студенттің тек кәсіби білім алуымен шектелмей, оның жан жақты дамуына жағдай жасау маңызды міндеттердің біріне айналды. Осы тұрғыдан алғанда, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жастарға сапалы біліммен қатар, белсенді әрі мазмұнды студенттік өмір қалыптастыруға кең мүмкіндіктер ұсынатын жетекші оқу орындарының бірі саналады.Университет қабырғасындағы студенттік өмір тек оқу процесімен шектелмейді. Оқу ордамыздың жастары қоғамдық, мәдени және ғылыми бағыттағы түрлі іс шараларға белсенді қатысып, өз қабілеттерін жан жақты дамытуға мүмкіндік алады. Студенттер үшін ұйымдастырылатын форумдар, пікірталастар, шығармашылық кештер мен ғылыми конференциялар олардың интеллектуалдық деңгейін арттыруға ықпал етеді.Білім алушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Университетте түрлі өнер ұжымдары, шығармашылық клубтар және мәдени бірлестіктер жұмыс істейді. Мұнда жастар ән айту, би, актерлік шеберлік, журналистика және басқа да бағыттар бойынша өз қабілеттерін шыңдай алады. Осындай орта студенттердің өзін еркін көрсетуіне және шығармашылық тұрғыдан қалыптасуына жол ашады.

ҚазҰУ базасында студенттердің ғылыми қызметпен айналысуына да барлық жағдай жасалған. Жас зерттеушілер ғылыми жобаларға қатысып, өз идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Университетте өткізілетін ғылыми конференциялар мен олимпиадалар білім алушылардың зерттеушілік қабілетін дамытып, олардың кәсіби қызығушылығын арттырады.

Сонымен қатар, университетте студенттердің көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған ұйымдар белсенді жұмыс істейді. Әртүрлі жастар ұйымдары мен студенттік өзін өзі басқару құрылымдары арқылы білім алушылар қоғамдық өмірге араласып, ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытады. Аталған жұмыстар олардың жауапты шешім қабылдай алатын тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Спорттық өмір де студенттік өмірдің маңызды бөлігіне айналған. Университет аумағында орналасқан спорт кешендері мен алаңдар жастардың салауатты өмір салтын ұстануына жағдай жасайды. Студенттер түрлі спорт түрлерімен айналысып, жарыстарға қатысу арқылы өздерінің физикалық дайындығын нығайтады.Халықаралық деңгейдегі мүмкіндіктер де білім алушылар үшін қолжетімді. Университет студенттері академиялық ұтқырлық бағдарламалары арқылы шетелдік жоғары оқу орындарында білім алып, жаңа тәжірибе жинақтай алады. Қазіргі цифрландыру дәуірінде білім алушыларға ұсынылатын мүмкіндіктер де кеңейіп келеді. Университетте заманауи білім беру технологиялары енгізіліп, электронды платформалар арқылы оқу процесі жеңілдетілген. Бұл студенттердің білім алуына қолайлы жағдай жасап, уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.Сонымен бірге, әлеуметтік қолдау шаралары да қарастырылған. Білім алушылар жатақханамен қамтамасыз етіліп, түрлі жеңілдіктер мен қолдау бағдарламалары ұсынылады. Бұл студенттердің алаңсыз білім алып, өз мақсаттарына жетуіне жағдай жасайды.

ҚазҰУ жастары қоғамдық өмірде де белсенділік танытады. Түрлі қайырымдылық акциялар, экологиялық бастамалар және әлеуметтік жобалар арқылы олар қоғамның дамуына өз үлестерін қосып келеді. Мұндай әрекеттер жастардың азаматтық жауапкершілігін қалыптастырады.

Қара шаңырақ студенттер үшін жан жақты дамуға барлық жағдай жасалған. Білім ордамыздың жастары ұсынылған мүмкіндіктерді тиімді пайдалана отырып, білімді, белсенді және жауапты тұлға ретінде қалыптасуда. Осындай ортада тәрбиеленген студенттер болашақта еліміздің дамуына елеулі үлес қосатын азаматтарға айналары сөзсіз.

Г.Д.Ансатбаева 

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың

заң факультеті  азаматтық құқық,

азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы

кафедрасының аға оқытушысы

Сот отырысын ұйымдастырудың маңызы мен тәртібі

Сот төрелігін жүзеге асыру – кез келген құқықтықмемлекет жағдайында...

INTEGRA CITY представляет AI-технологии для экосистемы цифрового управления городами на GITEX Africa 2026

Международная группа компаний INTEGRA CITY принимает участие в выставке...

ҚАЗАҚСТАН ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІ АРАСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ЖАҒЫНАН КӨШ БАСТАДЫ

Қазақстан Орталық Азия елдері арасында әлеуметтік қолдау көрсету бойынша...

Социальная поддержка в Казахстане: региональный лидер в Центральной Азии

Казахстан занимает ведущие позиции среди стран Центральной Азии по...

В Казахстане пройдет общереспубликанский открытый урок «Мен таңдаған жол»

​Сегодня, 7 апреля, мы отмечаем Всемирный день здоровья —...