Жасөспірімдердің құқығын қорғау – маңызды міндет

Кәмелет жасына жетпегендердің құқықтарын қорғау — бүгінгі күннің басты мәселелерінің бірі десек, балаларды, олардың негізгі құқықтарын қорғау — кез келген мемлекеттің басты көкейкесті қызметі болып табылады. Мемлекет басшысының 2007 жылғы «Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттарын құру туралы» Жарлығына сәйкес, ТМД мемлекеттерінің ішінде алғашқылардың бірі болып кәмелетке толмағандардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында мамандандырылған соттарды құру қолға алынды. 

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған соттардың құрылу мақсаты — қоғамда жасөспірімдердің әлеуметтік қалыптасуы мен қорғалуына ықпал ету. Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған соттардың құрылуы Қазақстанда ювеналды әділет жүйесінің дамуына және сот төрелігін ізгілендірудегі алғышарт болып табылады. Қазақстан Республикасы Президентінің  2012 жылдың 4 ақпанындағы № 266 Жарлығы бойынша, Қызылорда облысында кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты құрылды.

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына 2024 жылдың 6 айында 15 азаматтық іс және 1738 талап қою (арыздар) түскен. Осы есепті мерзімде 1711 азаматтық іс өндірістен аяқталса, шешім шығару арқылы қаралған істер саны 697 құраған, оның ішінде қанағаттандырылған істер саны 624, қанағаттандырудан бас тартылған істер саны 73. 2024 жылдың 6 айында түскен талап арыздар (арыздар) санаты бойынша талап қоюлар саны 1147, ерекше іс жүргізу (арыздар) санаты бойынша саны 56, түскен бұйрықтық (арыздар) санаты бойынша сот бұйрығы саны 535 құраған. Азаматтық істер бойынша сотпен есептік кезенде 13 жеке ұйғарым қабылданған. 2024 жылдың 6 айында 307 азаматтық іс тараптардың татуласуына байланысты қараусыз қалдырылған. 2024 жылдың 6 айында 77 талап қою қайтарылған, 72 іс өндірістен тоқтатылған. Оның ішінде татуласу рәсімдерімен 61 іс қаралған. Медиация тәртібімен 60 іс, партисипативтік рәсімімен 1 іс. Талап қоюшы талап қоюдан бас тартқан — 3. 7 іс бойынша АПК-нің 277-бабының 2-бөлігімен (сол тараптардың арасындағы дау бойынша сол нысана туралы және сол негіздер бойынша шығарылған). 1 іс бойынша АПК-нің 277-бабының 2-бөлігімен (іс азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жатпауына байланысты).

2024 жылдың 6 айында 25 қылмыстық іс түскен. 2024 жылдың 6 айында 29 іс 38 адамға қатысты қаралған. Үкім шығару арқылы қаралған істер саны 22 іс бойынша 28 адам (13к/т). 2024 жылдың 6 айында 9 жекеше қаулы шыққан.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша 2024 жылдың 6 айында 206 іс түсіп,оның ішінде 202 адамға қатысты аяқталған. Әкімшілік жазаға тарту туралы 174 қаулы қабылданып, қысқарту туралы 28 қаулы қабылданған. ӘҚБтК-нің 741 бабының 1 бөлігінің  2  тармағы құқық бұзушылықтың  құрамы болмауына байланысты 16 іс, ӘҚБтК-нің 741 бабының 1  бөлігінің  5 тармағы әкiмшiлiк жауаптылыққа тартудың ескіру мерзiмдерiнiң өтуiне байланысты болмаған, ӘҚБтК-нің 64-1  бабында жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтың маңызы болмашы деп танылып, қысқартылған 12 іс. 2024 жылдың 6 айында 18 жекеше қаулы қабылданған.

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Абылайқызы Забира

Қайрат Закирьянов: Қазақстанның басты байлығы — мұнай емес, ақыл-ой

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел дамуының жаңа моделіне қатыстыайтқан бастамалары қоғам алдында жаңа міндеттер қойып отыр. Мемлекет басшысының «Қазақстанныңбасты байлығы – мұнай емес, ақыл-ой. Адами капитал ел дамуының негізгі ресурсына айналуы тиіс» дегенсөзі ел болашағының басты бағытын айқындайтын маңызды ұстанымға айналуы керек. Бұл пікірді Қазақспорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьянов та қолдап, аталған идеяны жүзегеасыруда білім, ғылым, спорт және тәрбие салаларының рөліне ерекше назар аударды. Қайрат Закирьяновтың пайымдауынша, ХХІ ғасырдағы Қазақстанның басты мақсаты – Ұлы даланыңмыңжылдық тарихы мен бай мұрасына сүйене отырып, әлемдегі ең қуатты он экономиканың қатарынақосылу. Алайда мұндай биік мақсатқа тек табиғи ресурстардың арқасында жету мүмкін емес. Ол үшін еңалдымен білімді, дені сау, рухы мықты, бәсекеге қабілетті және отаншыл ұрпақ қалыптастыру қажет. Академия президенті ұлттық идеяны қалыптастыруда әлемдік тәжірибеге де назар аударады. Мәселен,өткен ғасырдың 30-жылдарында АҚШ президенті Франклин Рузвельт елдің экономикалық қуатынарттыруды ұлттық мақсат деңгейіне көтерді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Жапония «Жапониядажасалған дүниенің бәрі ең жоғары сапалы болуы тиіс» деген қағиданы басшылыққа алып, сапа ментехнологиялық дамуды мемлекеттік басымдыққа айналдырды. Бұл мысалдар нақты ұлттық мақсат пеноған деген қоғамдық жауапкершіліктің ел дамуына серпін беретінін көрсетеді. Қазақстанның да өзіндік ұлттық идеясы бар. Тәуелсіздік жылдарында ел бірлігі, қоғамдық келісім менортақ құндылықтар мемлекеттіліктің берік негізіне айналды. Ендігі міндет – осы жетістіктерді жаңадәуірдің талаптарына сай дамытып, адами капиталды ұлттық дамудың басты қозғаушы күшінеайналдыру. «Қазақстанның спорттық Гарварды – 2044»: жаңа стратегиялық бағдар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың адами капиталға басымдық беру жөніндегі ұстанымын қолдайотырып, Қазақ спорт және туризм академиясы да өз алдына ауқымды мақсат қойып отыр. Академияның Ғылыми кеңесінде «Қазақстанның спорттық Гарварды – 2044» атты стратегиялықбағдарлама бекітілді. Оның негізгі мақсаты – Қазақ спорт және туризм академиясын әлемдегі жетекшіспорттық жоғары оқу орындарының қатарына қосу. Қайрат Закирьяновтың пікірінше, Академияның 100 жылдық мерейтойына қарай халықаралық деңгейдетанылған, білім беру сапасы, ғылыми зерттеулері, спорттық жетістіктері мен заманауи инфрақұрылымыбойынша әлемдік көшбасшылармен бәсекелесе алатын университет қалыптастыру қажет. Бұл мақсат тек Қазақстан үшін ғана емес, халықаралық спорт және білім беру кеңістігі үшін де маңызды.Болашақта әлемнің әр түкпірінен келген жастар Академияны сапалы білім алатын, озық жаттығуәдістемелерін меңгеретін, ғылыми ізденістермен айналысатын орталық ретінде таңдауы тиіс. Академияның амбициясы – әлемдік білім беру нарығында бәсекеге қабілетті болу, халықаралықстуденттерді тарту және жоғары сапалы білім мен кәсіби даярлықтың беделін қалыптастыру. Бұл өзкезегінде Қазақстанның білім беру экспортының дамуына да ықпал етеді. Дені сау ұлт – қуатты мемлекеттің негізі Қайрат Закирьянов көтеріп отырған бастаманың тағы бір маңызды қыры – спорттың ұлттық идеяныжүзеге асырудағы орны. Спорт – тек жоғары жетістіктер мен халықаралық жарыстардағы медальдар жиынтығы емес. Ол – ұлтденсаулығының, жастар тәрбиесінің, тәртіп пен табандылықтың, патриотизм мен бірліктің маңыздықұралы. Дені сау, тәні шымыр, рухы мықты ұрпақ қалыптастыру – Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуының бастышарттарының бірі. Сондықтан бұқаралық спортты дамыту, спорт ғылымын жетілдіру, жаттықтырушылармен дене тәрбиесі мамандарын даярлау мемлекеттік деңгейдегі басым бағыт болуы тиіс. Академия осы міндеттерді жүзеге асыруға өзінің ғылыми және білім беру әлеуеті арқылы үлес қосудыкөздейді. 2050 жылға дейінгі ұлттық мақсат Қазақ спорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьянов ұсынған тұжырымдаманың түпкімәні – Мемлекет басшысы айқындаған адами капиталды дамыту бағытын нақты істермен толықтыру. Осыған байланысты «ХХІ ғасырдағы Қазақстан халқының ұлттық идеясын» жүзеге асыруға Академияныңқатысу бағдарламасы 2026 жылғы 20 қарашада өткен Ғылыми кеңесте бекітілді. Ал ұлттық идеяны іскеасырудың межелі мерзімі ретінде 2050 жыл белгіленген. Ұлттық идеяның тезистерін әзірлеу мерзімі – 2027жылғы 31 желтоқсан. Бұл бастаманың негізгі өзегі – Қазақстанды экономикалық тұрғыдан қуатты, ғылыми әлеуеті жоғары, денісау, рухани бай және халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті мемлекетке айналдыру. Қайрат Закирьяновтың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың адами капиталға қатысты ұстанымынқолдауы – жай ғана саяси пікір білдіру емес, оны білім беру мен спорт саласындағы нақты стратегиялықміндеттермен ұштастыруға бағытталған қадам. Өйткені елдің болашағы жер қойнауындағы байлықпен ғана емес, сол елдің азаматтарының білімімен,денсаулығымен, қабілетімен және жасампаздық әлеуетімен өлшенеді. Қазақстанның басты капиталы – адам. Ал сол капиталды қалыптастыру – білімнің, ғылымның,спорттың және ұлттық тәрбиенің ортақ міндеті.

Выборы депутатов маслихатов: спортсмены проявляют активность и не остаются равнодушными к будущему страны

Сегодня среди участников выборов депутатов маслихатов немало известных казахстанских...

Ғалымдар мен мәдениет қайраткерлері мәслихат депутаттарын сайлауда өз азаматтық ұстанымдарын білдіруде

Бүгін сайлау учаскелерінен танымал тұлғаларды – әртістерді, музыканттар мен...

Информация о явке избирателей на выборах депутатов маслихатов Республики Казахстан по состоянию на 10:00 часов

Центральная избирательная комиссия  сообщает:согласно данным, представленным территориальными избирательными комиссиями...